Сүйіктіңіздің сезімі шынайы ма?

Сүйіктіңіздің сезімі шынайы ма?

Әрбір бойжеткен сүйгеніне тұрмысқа шығуды қалайды. Ғашық болып күйіп-жанып, көрмесе тұра алмайтын жігітіңіз кейде өзгеріп кеткендей болып көрінеді. Сондықтан жігітіңіздің шын сүйетініне күмәнданатын кезіңіз болады. Әр нәрсені ойлап, таусылғанша, күдігіңізді сейілтуге тырысыңыз.

Сүйетін жігіт:

• «Біз», «екеуіміз» деп сөйлейді.

• сіздің айтқан сөзіңізді мұқият тыңдайды, көзіңізге тура қарайды. Сұрақ қойсаңыз, телефон соқсаңыз, барлық уақытта жауап беруге тырысады, сылтау айтпайды.

• сізден жырақта жүрсе, сағынғаны туралы СМС-тер жібереді. Жиі телефон соғады.

• сіздің туыстарыңызды құрметтейді. Егер туысыңыз оған бір ескерту жасаса, қағытса, көтереді. Сабыр сақтайды.

• сіздің көзқарасыңызды, хоббиіңізді (ұнамаған жағдайда да) түсінуге тырысады. Бос уақытын сізбен өткізгісі келіп, дүкендерге, коньки тебуге, т.б. жерлерге өзіңізбен бірге аттанады.

• сізге мадақтаулар айтады. Себебі сіз ол үшін әлемдегі ең әдемі арусыз! Әрине, өте байсалды, жер қозғалмаса қозғалмайтын не қыз мінезді ұяң жігіт болса, өз сезімін білдіре алмауы мүмкін. Дегенмен оның көзқарасынан ішкі сезімін аңдай аласыз.

• құрбыңызға көз салмайды, одан қызғанбайды. Оған да сыпайылық танытып, құрмет көрсетеді. Әзілдеріне төтеп береді.

• әлдебір себептермен сізге ашуланса да, дауыс көтермейді. Ашуы басылғасын түсініседі.

• ата-анасымен, туыстарымен таныстырады.

Ал егер өзіңіз оны сүйетіндігіңізге күмәндансаңыз, жоғарыда айтылғандарды өзіңізге қолданып көріңіз. Өйткені сіз осы адаммен мәңгілік бірге боласыз.

Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу!

Сурет: ©Қанат Садықов

Оқи отырыңыз:

Таңдау жасау кезінде қателеспеу үшін...

Сүйген қызыңыздан айырылып қалмаңыз #2

Жігіттер қандай қыздарды ұнатпайды? #2

Ф. Абилова