Канаданың ауыл шаруашылығы мен көлік қатынасы

Канаданың ауыл шаруашылығы мен көлік қатынасы

Канада ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау бойынша әлемде екінші орынды алады. Бұл елде белгілі бір өнімнің жоғары сапасын дайындауға жаңа технологияны пайдаланады.

Канадада өзге елдермен салыстырғанда кіші фермерлік қожалықтарға қарағанда ірі шоғырланған орталықтар көптеп кездеседі. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығына бейім жерлердің 80%-ы осы сынды үлкен қожалықтардың иелігінде жатыр. Олардың әр қайсысында 50 гектардан аз иелігі жоқ.

Канаданың жылына дайындайтын ауыл шаруашылық өнімдері:

32 млн. т – бидай,

15 млн. т – арпа,

7 млн. т – жүгері,

4 млн. т – сұлы.

Мал басының саны:

16 млн. бас – сиыр,

11 млн. бас – шошқа,

600 тыс. бас – қой,

80 млн. бас – құс.

Канаданың ауыл шаруашылығы өз халқын қамтамасыз етіп қана қоймай, шетелге өнім шығаруда да маңызды орын алады. Айта кетсек, өзінің жалпы экспорттық өнімінің 11%-ы ауылшаруашылық тауарлары болып табылады.

Канаданың ауыл шаруашылығы әлемдегі еңбек өнімділігінің өсімі бойынша жетекші орынды алады. Мұның 5%-ы қолөнер болса, 20%-ы фермерлік және қалған 75%-ы тауар өнімдерін құрайды.

Канада жерінің қоңыржай климаттық белдеуде орналасуы мен жауын шашынның мол болуы арқасында ауыл шаруашылығының түрлі саласы дамып келеді. Фермерлер пайдаланатын өңделген жер 69 миллион гектарға жетеді. Бұл ел аумағының 7,7%-ын құрайды екен.  

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін елдің ауыл шаруашылығының жеке салалары күрт дами бастады. Әсіресе мал шаруашылығының жалпы есептің 60%-ын қамтып, егіншіліктен басып озады. Дегенмен егіншілік саласында жердің өнімділігін арттыру үшін қолданылатын тыңайтқыштарды пайдалану бойынша Еуропа елдерінен қалып қояды.

Канаданың солтүстігінде ауылшаруашылықтың барлық саласы дамыған. Ал солтүстік аймақтарда мал шаруашылығы, аңшылық пен балық аулау кеңінен тараған. Канаданың орталық аймағын әр түрлі саланың басын қосатын мекен деуге болады.

Жазық далалы провинциялардың ерекше табиғаты дәнді-дақылдарды өсіруге таптырмас жағдай жасайды. Мұнда XIX ғасырдан бері егіншілік қолға алынған. Қалған аймақтарда шаруашылық салалары бірінші орында емес. Елдің шығысы мен батысын қамтып шайып жатқан мұхит жағалауларында балық шаруашылығы жоғары деңгейде дамыған. Канада жылына 1 миллион тоннаға дейін балық өнімін дайындау арқылы әлемде 8 орынды иемденеді. Дегенмен балық аулау ішкі сулардың бойында басты орынға қойылмаған.

Көлік қатынасы

Канада жоғары дамыған ел болғандықтан, оның инфрақұрылымы мен транспорттық жүйесі жақсы дамыған. Айта кетсек, елдің экономикалық-географиялық жағдайына орай, көлік қатынасы теңіз жағалауларына бағытталады. Жүк тасымалдау бойынша жалпы ұзындығы 67 мың шақырым болатын темір жол транспорты бірінші орында тұрады. Ал көлік жолының ұзындығы 900 мың шақырымға созылған. Одан бөлек Канадада ауә қатынасы да жақсы дамыған. Елдің Ванкувер, Сеть-Уль, Монреаль, Квебек және Монреаль сынды үлкен портты қалалары бар.

Сурет: gazetavancouver.com

Оқи отырыңыз:

Канаданың халқы мен өнеркәсібі

Канаданың экономикалық-географиялық жағдайы

Канаданың табиғат жағдайлары мен ресурстары

АҚШ экономикалық аудандары және сыртқы экономикалық байланыстары

Ж. Өрісбай