Қазақтың сары баласы

Қазақтың сары баласы

Мен бұл сары баланың жанкүйерімін! Кішкене кезімнен оның барлық жарысын тамашалап, онымен бірге қуанып, онымен бірге мұңаятынмын! Сол өткен күндердің бәрі, бәрі есімде! Бұл күнде менің Сары Баламды бүкіл әлем таниды десем, артық айтқаным болмас! 2006 жылдан бастап арнасын кәсіпқой боксқа бұрған бұл Сары Баланы танып та отырған шығарсыздар!? Иә, Ол - Геннадий Головкин!

2006 жылдан бері әр жекпе-жегін жібермей көріп, жеңісіне куә болып келемін! Бүкіл қазақ елін таңда, түнде көгілдір экранның алдына жинап алатын бұл батыр жақында ғана чемпиондық атағын тағы қорғады, қазақ елінің мәртебесін кезекті рет асқақтатты, бүкіл әлем қол соқты, қызыға да қызғана да қарады! Әрине, мен секілді жанкүйер үшін бұдан асқан бақыт жоқ! Әлеуметтік желілер болсын, ақпараттық құралдар болсын күнде Қазақ батыры жайлы ақпарат іздесем күнімнің бос өтпегені деп білемін.

Жақсыға әркім үйір болады дейді ғой, соңғы кезде Алтын баламызды өздерінің батыры қылып алған кейбір орекеңдер менің ғана емес, көптеген жанкүйердің ашуына әбден тиді. Еліне деген шынайы патриоттық сезімін қолынан келгенше көрсетіп жүрген, шаршы алаңда қазақ шапанын киіп шығып жүрген Біздің Батырды қалай ғана өздерінің батыры деп санайды?! Күлкілі! Десек те орекеңдермен талай сөзге келіп, түсіндіре алмай әлек болдым! Соңында, батырымыздың өз аузынан шыққан сөздерін қайта-қайта көріп, өз-өзімді бастым!

Біздің Батыр әрдайым Қазақ елінің намысын қорғайтынын және де орекеңдердің атынан ешқашан шықпайтынын айтты! Ендеше, орыс бауырлар, сабырға келіп, өзгенің бақытын қызғанбаңыздар! "Өзім бақытты боламын десең, өзгенің бағын қызғанба" деген керемет мақал бар біздің елде!

Жолдаған: Райхан Русланқызы

Сурет: sport-xl.org

Оқи отырыңыз: 

Әлем жұртшылығы Головкин-Мюррей жекпе-жегін қалай бағалады?

Геннадий Головкинге арнап шапан тіктірген кім?

GGG чемпиондық атағын ең көп қорғаған боксшылардың үштігіне енді

Мюррей мақсатын орындаған кездесуде GGG Тайсон жетістігін қайталады

Ж. Өрісбай