Геннадий Головкинге арнап шапан тіктірген кім?

Геннадий Головкинге арнап шапан тіктірген кім?

WBA және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, WBC аталымының уақытша чемпионы белбеуінің иегері отандасымыз Геннадий Головкиннің британдық боксшы Мартин Мюрреймен кездесуге киіп шыққан шапаны ерекше көзге түсті. Бұл шапанды шымкенттік кәсіпкер, 57 жастағы Әбдімәжит Сыздықбеков Генаға арнайы тіктірген. 

Геннадий Головкиннің алдыңғы кездесуге киген шапаны боксшы жанкүйерлері тарапынан қызу талқыға түскен болатын. Себебі ол шапан қазақ халқының шапанына қарағанда, өзге ұлттың шапанына көбірек ұқсайды. 

Бірақ рингке киіп шыққан басқа шапандарынан қазақтың ою-өрнегі анық байқалады. 

Десе де "әкем - орыс, анам - кореялық, өзім - қазақпын" дейтін Геннадий Головкинге Әбдімәжит Сыздықбеков арнайы шапан тіктіріп, оны иесіне ұсыну үшін Астана әуежайынан Монакоға аттанып кеткен. Кәсіпкердің Монакоға шапанмен бірге кеткенінен құлағдар болған халық "Головкин бұл шапанды кие ме, жоқ па?" деген сұраққа да бас қатырған болатын. 

"Головкиннің бұрын киген шапаны өзбектікі деп көп дау туды. Сондықтан осы кездесуге арнайы қымбат матадан шапан тігіп алып келдім. Командасына тапсырдым", - деп журналистерге сұхбат берген кәсіпкердің сыйын Геннадий қабыл алды. Отандасымыз үшін жеңіспен аяқталған кешегі өткен кездесуге Головкин қазақы ою-өрнекпен әрленген дәл осы шапанды киіп шықты. 

Сурет: yvision.kztengrinews.kzsports.kzinfo-tses.kz, boxingnews.kz

Оқи отырыңыз:

GGG чемпиондық атағын ең көп қорғаған боксшылардың үштігіне енді

Мюррей Генаға қарсылас атана алмады (видео)

Мюррей мақсатын орындаған кездесуде GGG Тайсон жетістігін қайталады

М. Оңғарова