- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Шаш 1 сантиметрге...
"Шаш 1 сантиметрге өседі". Әр 3 апта сайын адам ағзасында қандай өзгерістер болады?
Біз ағзамыздағы өзгерістерді байқай бермейміз, бірақ тері жасушаларының, эпидермистің және басқа да органдардың жаңару процесі үздіксіз жүріп отырады. Ағзамыз қалай жұмыс істейтінін және оны қалай жақсы күйінде ұзаққа сақтау керегін білу үшін бұл процестер жайлы көбірек меңгеру керек. Ендеше, 3 апта сайын ағзада қандай өзгерістер болады?
Шаш 1 см-ге өседі
Әртүрлі көрсеткіштерге қарай шаш 3-4 апта ішінде 1 немесе 1,5 см-ге өсуі мүмкін. Бұл жағдайда тек генетика емес, адамның жынысы, жасы және өмір салты маңызды рөл ойнайды.
Бір қызығы, шаш өмір сүрудің бірнеше кезеңінен өтеді және оның ең ұзағы – оның өсуі. Ол фолликулда пісіп-жетілгенде біртіндеп ұзындығы бойынша өсе бастайды. Шамамен 3-7 жылдан соң шаш өсуін тоқтатып, 3 апта ішінде толықтай өледі.
Шаштың өсу жылдамдығына күнделікті күтім ережелерін сақтау және дұрыс тамақтану әсер етеді.
Шашты тез өсіруге көмектесетін 6 кеңес
Тері жасушалары жаңарады
Тері – адамның ең үлкен органы. Ол басқаларын қорғайды және миға қоршаған орта жайлы ақпарат жібереді. Ол 3 деңгейден тұрады: эпидермис, нағыз тері және өңасты ұлпа. Бұл қабаттардың әрқайсысы өз қызметін атқарады. Эпидермис сыртқы әсерден қорғайды, нағыз тері шашқа және жанасу сезімдері үшін қажет, ал өңасты ұлпасы D дәруменін синдездейді, қоректік заттар қорын жинайды және термореттеуді жүзеге асырады.
Терінің жоғарғы қабаттары көптеген бактериялармен өзара әсерлесетіндіктен, олар жылдам тозады. Эпидермис жасушалары орташа есеппен 2 аптадан 3 аптаға дейін өмір сүреді. Терінің бұл қабаты бір жыл ішінде шамамен 12 рет жаңарады. Бірақ қартая бастағанда бұл процесс баяулай түседі.
Тері барынша ұзаққа дейін сау, серпімді және ылғал болып қалуы үшін өмір бойы қоректік заттар тепе-теңдігін сақтау, жеткілікті түрде су ішу және жалпы салауатты өмір салтын сақтау керек.
Өкпе жасушалары жаңарады
Өкпе – өмірлік маңызы бар орган. Ол агрессивті сыртқы ортамен байланысқа түседі, сондай-ақ бронхтармен бірге газ алмасу процесіне қатысады. Сол үшін де өкпенің қажет емес жасушалары шамамен әр 3 апта сайын жаңасына ауыстырылады. Ал басқа жасушалар өз қызметтеріне қарай 11-12 ай шамасында жаңарады. Яғни, темекі тартатын адам бұл зиянды әдеттен бас тартуды шешсе, шамамен 1 жылдан соң оның өкпесі толықтай жаңаруы мүмкін.
Тырнақ 3 мм-ге өседі
Тырнақ қатты қорғаныш ақуыздан тұрады, оны альфа-кератин деп атайды. Адамда ол анасының құрсағында жатқанда шамамен үшінші айда өсе бастайды. Орташа есеппен 3 аптада қолдағы тырнақ 3-5 мм-ге өседі, ал аяқтағы 2,3-3 мм-ге өседі. Ал толық жаңару жарты жылда болады.
Тырнақтың өсу жылдамдығына және оның сапасына нақты факторлар әсер етеді. Мысалы, баяу гормонды фон, қатаң диеталар, түрлі аурулар және қан айналымның бұзылуы оған жағымсыз әсер етеді. Негізінде тырнақ пластинасы тегіс, біртекті және сәл қызғылт болуы керек.
Тырнақты қатайтатын пайдалы процедуралар
Эстроген деңгейі төмендейді
Шамамен әр 3 апта сайын әйел ағзасында эстроген деңгейі төмендейді. Бұл зат әйел денсаулығын анықтайды және репродуктивті, жүрек-қан тамырлар, қимыл-тірек және жүйке жүйелерін қалыпта ұстауға көмектеседі. Сондай-ақ ол когнитивті қабілеттерді реттейді және шаш, тырнақ, тері саулығын сақтауға көмектеседі.
Әр етеккір келердің алдында ағзадағы эстроген деңгейі төмендейді. Сондықтан да етеккір кезінде әйелдер өздерін әлсіз сезінеді және жағымсыз сезімде болуы мүмкін.
Оқи отырыңыз: Етеккір кезінде не істеуге болмайды? Дәрігер жауабы
А. Жапатова