Етеккір кезінде не істеуге болмайды? Дәрігер жауабы

Етеккір кезінде не істеуге болмайды? Дәрігер жауабы
Фото: ru.freepik.com

Етеккір – репродуктивті жастағы кез келген әйел үшін қалыпты процесс. Оны әркім әрқалай өткереді: біреулер ешқандай жағымсыздық сезбейді, басқалардың іші ауырады, бұл кезде ұйқышылдықпен немесе басқа жағымсыз белгілермен қиналатындар да бар. Гинеколог Евгения Песегова етеккір кезінде не істеуге болмайтынын айтты.

Етеккір кезінде не істеуге болмайды?

1. Етеккір кезінде ауыр физикалық жүктемелерді шектеу керек. Бұл кіші жамбас органдарын қанмен қамтамасыз етудің жоғарылауы себебінен бөліністің көбеюімен байланысты;

2. Ыстық ваннаға жатуға және сауна, моншаға баруға болмайды. Дене температурасының артуынан кіші жамбас органдарындағы қанағым артады, нәтижесінде, етеккір кезінде көп қан жоғалту қаупі бар;

3. Физиотерапиялық ем (оның ішіне массаж да кіреді) алуға болмайды;

4. Етеккір кезінде дәрі ішуде мұқият болу керек. Кей дәрілер (мысалы, аспирин) бөліністің көбеюіне әкелуі мүмкін;

5. Етеккір кезінде ота жасау ұсынылмайды. Оның ішіне косметикалық оталар да кіреді. Қанның ұю жүйесінде өзгерістер болатындықтан, ол асқынуларға әкелуі мүмкін;

6. Етеккір кезінде жыныстық қатынаста болуға тыйым жоқ. Бірақ етеккір кезінде жатыр мойыны және жатыр мойыны каналы кеңейеді, осылайша,  жұқпа кіруге қолайлы шарт жасалады. Сондықтан етеккір кезінде жыныстық қатынасқа түскенде қорғаныш құралын қолданған жөн.

А. Жапатова