- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Сенбедім". Нүкенованың сіңлісі...
"Сенбедім". Нүкенованың сіңлісі қайғылы оқиға болған түн туралы айтты
Салтанат Нүкенованың сіңлісі сотта куәгер болып, Нүкенованың өлімі туралы хабарды қалай естігенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ол кезде душта едім. Нақтылау үшін айта салайын, басым су болып тұр. Ұлым душқа атып кіріп, телефоныма тоқтаусыз қоңырау түсіп жатқанын айтты. Бақытжан (Байжанов) "неге тұтқаны көтермей жатырсың? Салтанат қайтыс болды" деді. Мен, әрине, сенбедім. Тағы біреу хабарласып "Айнұр, иманды болсын" дейді. Айтым (Нүкенованың ағасы) хабарласып "BAU-ға келші" деді. Су басыммен көлікке отырдым, күйеуім "Қуандық Салтаны өлтірді" деді. Мен сенбедім", - дейді Салтанаттың сіңлісі.
Еске салайық, бұған дейінгі сот отырысында Салтанаттың Бишімбаевқа жазған хаты жария болған еді. Бишімбаевтың қорғаушылары марқұм Салтанат Нүкенованың Қуандық Бишімбаевқа жазған хатын оқып берді.
Сонымен қатар, Бишімбаев Нүкенова қайтыс болған түні не үшін көріпкелге хабарласқанын түсіндірген болатын.
3 сәуірде өткен сот отырысында Бишімбаев Салтанат қайтыс болған түн туралы мүлде басқа деректер айтқан болатын.
Сонымен қатар, Қуандық Бишімбаевтың қорғаушылары қылмысқа қатысы жоқ суретті көрсетіп, судьяны жаңылыстыра жаздады.
"Сотталушының телефоны". Бишімбаевтың сотында ұялы телефон шырылдады
Бишімбаев Салтанат көз жұмар алдында да жедел жәрдемге емес, балгерге хабарласқан
Өз-өзіме қол жұмсасам дұрыс болады деп ойладым - Бишімбаев
"Былай айт, былай айт" деп жатыр. Байжанов Бишімбаев өзіне қысым жасап жатқанын мәлімдеді
Сотта Бишімбаевтың Нүкенованы ұрып-соққан видеосы көрсетілді
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина