Қорғаныс министрлігі Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің тізімін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұған дейін оқу-жаттығу-жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде ауа райы күрт нашарлап, жел күшеюіне байланысты 17 адам суға кеткені белгілі болды.
Оның 12-сі қаза тауып, үш әскери қызметші құтқарылған. Қалған екі әскери қызметшіні іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.
24 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде Каспий теңізі жағалауында оқу-жауынгерлік міндеттерді орындау барысында ауа райы күрт нашарлауы және жел күшеюіне байланысты әскери қызметшілер суға кеткен.
Бұған дейін 9 адам қайтыс болғаны хабарланды. Үш әскери қызметші құтқарылған, олардың біреуі ауруханаға жатқызылды.
Бас прокуратура мәліметінше, Ақтау гарнизонында оқу-жаттығу барысында әскери қызметшілер қаза табуына байланысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Тергеу барысы ерекше бақылауға алынған.
Премьер-министрдің өкімімен Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығулар өткізу барысында көз жұмған әскери қызметшілердің қазасын тергеп-тексеру бойынша үкіметтік комиссия құрылды.
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында әскери қызметшілер қаза табуына байланысты көңіл айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтік комиссияға оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажет шаралар қабылдауды және қайтыс болған жандардың отбасына көмек көрсетуді тапсырды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!