- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- LG төрт жаңа...
LG төрт жаңа смартфонын таныстырды
2014 жыл LG компаниясы үшін өте сәтті болды. Өткен жылы оңтүстіккорейлік компания смартфондарымен әлемдік нарықта рекордтық көрсеткішке (16,8 миллион дана) қол жеткізіп, жылдық табысын екі еселеген болатын.
Айта кетсек, LG смарт-сағат пен бірқатар жұқа смартфондар сынды көптеген өнімдерін сатылымға шығарады. Компания смартфондар нарығындағы табысынан кейін, Mobile World Congress халықаралық көрмесінде төрт түрлі жаңа смартфонын ресми түрде таныстырды.
Тұтынушы таңдауына орай, смартфондар 4-дюймді (Joy), 4,5-дюймді (Leon), 4,7-дюймді (Spirit) және 5-дюймді (Magna) болып келеді. Олардың барлығы 3G және LTE сынды сымсыз технологиялармен қаруланған. Leon, Spirit және Magna мобильді құрылғылары 1,2 ГГц жиілікпен жұмыс істейтін 4-ядролы процессормен қамданған. Олардың негізгі артықшылығы гаджеттің камерасы мен қуат жинақтағышының мүмкіндігінде болып отыр.
Смартфондардың артқы камералары 8 және 5 мегапикселді болса, қосалқы, яғни алдыңғы камералары 5 (Magna), 1 мегапикселді (Spirit) және VGA (Leon) құрайды.
Joy смартфоны жаңа төрттіктің ішінде ең орташа қуатқа ие. 5 мегапикселді камерасы бар бұл смартфон 1,2-гигагерцті процессорымен жабдықталған.
Бүгін таныстырылған смартфондардың бағасы әзірге жарияланбады. Құрастырушылардың айтуынша, фантастикалық төрттік осы аптаның соңына қарай сатылымға шықпақ.
«Расында миллиондаған тұтынушылар үшін смартфон таңдау кезінде оның көлемі мен қуаты емес, осы екі параметрдің бір құрылғыда үйлесуі аса маңызды. Біздің бүгінгі төрттік әлемнің гаджет тұтынушыларын LG брендіне тартатыны анық», - дейді компания өкілдері ресми хабарламасында.
LG Magna
• 5-дюймді HD-дисплей.
• 1,2 және 1,3 ГГц жиілікпен жұмыс істейтін 4-ядролы процессор.
• 8-мегапикселді артқы, 5-мегапикселді алдыңғы камералары бар.
• Негізгі жады - 8 Гбайт.
• Сағатына 2 540 микроампер қуатқа ие батареямен қамданған.
LG Spirit
• 4,7- дюймді HD-дисплей.
• 1,2 ГГц / 1,3 ГГц жиілікпен жұмыс істейтін 4-ядролы процессор.
• 8-мегапикселді артқы, 5-мегапикселді алдыңғы камералары бар.
• Негізгі жады - 8 Гбайт, ал қосалқы жады - 4 Гбайт.
• Сағатына 2 100 микроампер қуатқа ие батареямен қамданған.
LG Leon
• FWVGA (854x480 пикселді) мүмкіндігіне ие 4,5-дюймді экран.
• 1,2 және 1,3 ГГц жиілікпен жұмыс жасайтын 4-ядролы процессор.
• 8-мегапикселді артқы, 5-мегапикселді алдыңғы камералары бар.
• Негізгі жады - 8 Гбайт.
• Сағатына 1 900 микроампер қуатқа ие батареямен қамданған.
LG Joy
• 4-дюймді WVGA-экран.
• 1,2 ГГц жиілікпен жұмыс істейтін 2- немесе 4-ядролы процессор.
• 5-мегапикселді артқы, 0,3-мегапикселді алдыңғы камералары бар.
• Негізгі жады - 8 Гбайт, ал қосалқы жады - 4 Гбайт.
• Сағатына 1 900 микроампер қуатқа ие батареямен қамданған.
Сурет: www.androidos.in
Оқи отырыңыз:
Экраны жоқ смартфон нарықты бағындыруда
iPhone 6 қуатын үнемдеу жолдары
Torque – әлемдегі ең берік смартфон
2000-жылдардың үздік ұялы телефондары
Ж. Өрісбай