2000-жылдардың үздік ұялы телефондары

2000-жылдардың үздік ұялы телефондары

Бүгінгі таңда ұялы телефондардың үздіксіз шығып жатқаны бәрімізге белгілі. Тіпті біреуіне үйренісе алмай жатқан кезде, екіншісі шығып тұрады. Ал бұдан санаулы жылдар бұрын естеріңізде ме? Ол кезде ғажайып дизайнды iPhone, 40-мегапикселді Nokia болған жоқ. Бүгін біз сіздерге 21 ғасырдың бас жағында шыққан керемет қалта телефондарын ұсынамыз.

Nokia 3210/3310

Бұл "кірпіш" туралы білеcіздер ме? Nokia 3210 деп аталатын аппаратты Фин компаниясы шығарған. Бұл алғашқы қара-ала телефондардың бірі. Оның ішінде балаларға жақсы танымал "жылан" ойыны, сонымен қатар суреттер мен ашық хаттарды SMS арқылы жіберіп, қарым-қатынас жасауға да ыңғайлы болған.

3210 моделі 1999 жылы шығарылса, араға бір жыл салып 3310 шыққан. Екеуі де компанияға қомақты қаржы әкелген. Жастарға арналған телефон болғандықтан, бағасы да қолайлы болған. 

Siemens C65

Siemens Mobile компаниясының бөлімшесі Siemens AG 2005 жылға дейін барлығына жақсы таныс телефондарды шығарды. Алайда компанияға қаржының жетіспеушілігінің кесірінен BenQ компаниясына сатылды. Компанияның ғұмыры ұзаққа созылмағанмен, олар ең алғашқы болып түрлі-түсті экранды телефонды шығарды. Оның ішінде MP3-плеер, слайдер, тіпті есте сақтау картасына дейін бар. Бұл телефон СНГ мен Еуропа елдерінде кеңінен таралды.

Sony Ericsson K300, K500, K700

Бірнеше жыл бұрын Sony Ericsson компаниясы шығарған мына телефонды білетін шығарсыздар. K300 моделі экран көлемі бойынша, корпусы жағынан және есте сақтау картасының көбірек болғандығынан ең бағалысы болды. 

Sony Ericsson компаниясы шығарған телефондардың барлық топтамасында видео, музыкалық плеер, камера болды.

Motorola E398

1983 жылы америкалық компания әлемдегі  ең бірінші коммерциялық қолайлы, шағын телефон жасап шығарды. Бірақ содан кейін мобильдік бөлімше Motorola көптеген сәтсіздікке ұшырап келді. Алайда өткен онжылдықтың ортасы олар үшін өте табысты жыл болды. Өйткені сатылымға Motorola E398 ұялы телефоны шығып, әлемдегі ең мықты телефондардың бірі болды.

Motorola RAZR V3

Соңғы онжылдықтағы тамаша телефондардың бірі - Motorola RAZR V3. Бұл мобильді аппарат 2004 жылы жарыққа шығып, тек қыз-келіншектердің емес, ер азаматтардың да көңілінен шықты. Өте ыңғайлы әрі әдемі.

Nokia 8800

8800 моделі екінің бірінде болмайтын. Ол  2005 жылы жарыққа шығып, компанияға абырой әкелді.  Өйткені бағалы дизайны көзге керемет көрінетін. Сырты тот баспайтын болатпен қапталған. Жалпы салмағы 134 грамды құраған. 

iPhone 2G

Бұл тізімді iPhone 2G смартфоны аяқтайды. Apple компаниясының тарихы дәл осы телефоннан басталған. Ол 2007 жылы көпшілікке таныстырылып, жастардың арасында кеңінен таралған.

Қазіргі таңда iPhone ең қымбат әрі ең әдемі телефон. 

Сурет: naked-science.ru, worldgsm.pl, www.mobilecentre.pl, dnepropetrovsk.dnp.olx.ua, imagazin.hu, aliexpress.com

Оқи отырыңыз:

Samsung Galaxy E7 қандай смартфон болмақ?

Samsung Galaxy S5-тің сатылымы төмендеп кетті

2014 жылы қолданылған ең осал электронды құпия сөздер

Қытайлар айфонға ұқсайтын смартфон шығарды

Ж. Исакаев