Экраны жоқ смартфон нарықты бағындыруда

Экраны жоқ смартфон нарықты бағындыруда

Өткен жылдың күз айында NoPhone смартфоны стартап жобасы бойынша жасалған еді. Өндіруші компанияның айтуынша, экраны, камерасы және Bluetooth-ы жоқ гаджет ел арасында танымал бола бастапты.

NoPhone сырт келбеті жағынан ұялы телефонды еске түсіреді. Ол – бірнеше электронды мүмкіндігінен айырылған шағын пластикалық гаджет. Аппараттың габариты  - 140x67x7,3 миллиметр, ал салмағы – 100 грамм.

Құрастырушылардың негізгі мақсаты – қолданушының назарын ұялы телефоннан ары ұстау. Кез келген тұтынушы гаджетті қолға ұстаған кезде смартфон екенін бірден байқайды. NoPhone телефонында графикалық үдеткіш, жад немесе процессор жоқ.

Экраны жоқ смартфон сатылымда авторлар күткеннен әлдеқайда жоғары көрсеткішке жетіп отыр. Соған орай шығарушы компания басшылары Нью-Йорк қаласынан арнайы кеңсе ашпақшы. Мұндай смартфонның бағасы  12 доллар тұрады.

Оқи отырыңыз: 

iPhone 6 қуатын үнемдеу жолдары

 Тыңшыларға арналған 13 түрлі камера

Мысық Youtube-тегі авторлық құқықты бұзды

2000-жылдардың үздік ұялы телефондары

Сурет: www.patrasevents.gr

Н. Нұрмаханұлы