iPhone 6 қуатын үнемдеу жолдары

iPhone 6 қуатын үнемдеу жолдары

2015 жылы сіз бәлкім өзіңізге Жаңа жылдың сыйы ретінде iPhone 6 алған боларсыз. Оның экраны тіпті де үлкен, ішкі функциялары да көп. Сонымен бірге оның қуат көзі де тез таусылып қала береді. Бұл көптеген смартфондарға ортақ кемшілік. Қуаты бір күннен артық уақытқа жетпейді.

Бірақ, кейбір амалдарды қолданып батареяның "өмірін" ұзартуға болады:

1. Қосымшаларды жеке-жеке ғаламтордан ажырату

Смартфондағы барлық қосымшаның бір уақытта сізге қажет болуы екіталай. Сондықтан өзіңізге ғана керекті қосымшаны интернетке қосып, қалғанын ажыратыңыз. Олар сіздің ғаламторыңызды шығындап қана қоймай, қуат көрсеткішін де төмендетеді.

2. Қосулы тұрған қосымшаларды уақытында өшіру

iPhone 6 қуатын үнемдеу үшін ашып қойған қосымшаларды өшіре жүруді ұмытпаңыз. Немесе үнемі ашулы қалған қосымшаларды тазартып отырыңыз. "Home" батырмасын қос шертіп қалсаңыз жұмыс істеп тұрған қосымшалардың тізімі шыға келеді немесе әмбебап қуат істету мөлшері деген бөлімді ашсаңыз қайсы қосымшаның қуатты көп ысырап етіп жатқанын біле аласыз.

Қуатты жұмсау көрсеткіші

3. Керексіз хабарламаларға блок қою

Әлеуметтік желіден басқа өзіңіздің қолданып жүрген операторлық орталықтан келетін хабарламалар да қуат көзін құртады. Олардың кейбірі сізге мүлде керексіз хабарламалар болуы да мүмкін. Email-дан келген хатты да ескертуден алып тастаңыз.

4. "Ұшу режимін" қолдану қуат көзін үнемдейді

Ұйқы кезіндегі немесе ұзақ уақыт телефонды пайдаланбайтын болсаңыз "ұшу режиміне" қою дұрыс. Мұндай жағдайда телефонның қуатын да, ғаламтор ағымын да тежей аласыз.

5. GPS орын белгілеу жүйесін жабу

Бұл смартфондағы қуатты үнемдеудің ең соңғы амалы. Әдетте смартфонның өзінде және барлық қосымшада GPS орын белгілеу (геолокация) жүйесі болады. Сіз осы функцияны шектеу арқылы да қуат көзін үнемдей аласыз.

Сурет: appleinsider.ru

M. Auelkhan