- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Халықты жылатпау үшін...
"Халықты жылатпау үшін қойылған жоқ па?" Депутат экология министріне қатысты пікір білдірді
Ақын, депутат Қазыбек Иса экология министріне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол Paryz бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Депутаттың сөзінше, қоғамда экология министріне қатысты пікірлер екіге бөлінеді.
"Семей" орманы Экология министрлігіне қарайды. "Оған дейінгі жағдайы сақадай сай" деп жауап берді ғой министр. Өрт көп нәрсені ашып кетті. Төтенше жағдай министрі Үкімет сағатында ма, жауап берді. Сонда сұраққа әлсіз жауаптарына, жалпы қимыл-қозғалысына қарап отырып, қасымдағыларға "мынау жер қозғалса, қозғалмайтын адам ғой. Төтенше жағдайда қалай қимылдайды бұлар?" деп едім. Екі министрліктің де жауапкершілігі бірдей болу керек. Екіншіден, министрлерді тағайындағанда Парламент те жауапкершілік алу керек. ...Осыған байланысты сұрақ көп (экология министріне қатысты - еск.). Әлеуметтік желіде де қаптап кетті. Жақтағандар табылды, "жылады, министр адам екен" деген секілді. Ол жерге жылау үшін қойылған жоқ қой, жылатпау үшін, 15 адамды жылатпау үшін, жалпы халықты жылатпау үшін қойылған жоқ па? Президенттің "барлығы қатаң жауап береді, қылмыстық жауапсыздық" деп айтып жатқаны әсер еткен де болуы мүмкін. Оның үстіне, қыз бала. Оны ағылшын тілін біледі деп қойды. Ал біздің өрт ағылшын тіліңе де, ұлтыңның өзге ұлт өкілі болғаныңа да қарамайды. Оған тек іскерлік, жауапкершілік, біліктілік керек. Бұл жерде кадр таңдау мәселесі", - деді Қазыбек Иса.
Еске салайық, бұған дейін "Семей орманы" аумағында өрт шыққаны хабарланған еді. Кейінірек Абай облысындағы орман өртінің аумағы 2 мың гектарға жетті. Сондай-ақ, үш ауылдың тұрғындары үйлерін тастап кеткені белгілі болды. Ал тұрғындар өртсөндірушілерді азық-түлікпен қамтамасыз етті.
"Батырлар арамызда". Желіде өртсөндірушілердің далада ұйықтап жатқан видеосы тарады
Абай облысындағы алапат өрт салдарынан орман шаруашылығының 14 қызметкері іздестірілді. Кейін оның үшеуі қаза тапқаны анықталды. Осы жағдайлардан кейін Семейде орман өртіне байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді. Сонымен қатар, екі ауылға қауіп төніп тұрғаны хабарланды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысындағы өртке байланысты Вьетнамға сапарын кейінге шегерді. Президент Абай облысындағы өртке байланысты Үкіметке шұғыл тапсырма берді. Үкімет басшысы да қарамағындағыларға бірқатар тапсырма берді.
Кейінірек орман өрті 60 мың гектарға жайылғаны белгілі болды. Осыған орай 7 учаскеде өрт сөндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, өрттен 11 адам өлі табылды.
Абай облысында өрт: қаза тапқандарға қатысты жаңа дерек айтылды
Абай облысындағы өрттен қаза тапқандардың толық тізімі жарияланды. Ал экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Абай облысындағы өрт кезінде қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің суретін жариялады.
Абай облысындағы өртте ерлігі мен жанқиярлығы үшін қаза тапқан 14 адам марапатталды
Абай облысындағы өрт ошақтарының басым бөлігі оқшауланды. Тоқаев Абай облысындағы өрт аумағын тікұшақпен аралап шықты.
Абай облысындағы өрт: әуеден 486 рет су төгілді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Семей орманы" табиғи резерватындағы алапат өрт салдарынан қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасы мүшелері мен жақын туыстарына көңіл айтты. Мемлекет басшысы өрттен зардап шеккендерге өзі көмек беретінін мәлімдеді. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев та Абай облысында өрттен қаза тапқан қызметкерлердің отбасына көңіл айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова