- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Әйелі тірі шығар...
"Әйелі тірі шығар деп үміттенемін". Куәгер Салтанат мерт болған түн туралы айтты
Салтанат Нүкенова қаза тапқан түні мейрамханада жөндеу жұмыстарын жүргізген қызметкер сотта куәгер болды. Сот отырысында жөндеу жұмыстарын жүргізген қызметкер мен мейрамхана әкімшісінің диалогы жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сотта прокурорлар куәгердің ұялы телефонында тергеуге қатысы бар хаттарды оқыған. Диалог мейрамхана әкімшісі Қарлығаш пен жөндеу жұмыстарын жүргізген қызметкер Мейірбеков арасында болған. Диалог 9 қарашада 02.27-де басталған:
Мейірбеков: Директор қайтып келді, випкада отыр
Қарлығаш бұл хабарламаға жауап бермеген.
Сағат 06.35-те Мейірбеков жөндеу бойынша жүргізілген суреттерді жіберіп "Сурет ілініп тұрған жерді жөндей алмадық. Қуандық шу шығарып жатыр" деп жазған.
Мейірбеков (06.56): Колоннаны терезеге дейін боядық
Мейірбеков (сағат 06.57): Випканың астаң-кестеңін шығарған сияқты. Әйелі тірі шығар деп үміттенемін
Қарлығаш (сағат 07.50): Неге олай дедің?
Мейірбеков (сағат 07.50): Жалаңаш, пиджакпен жүр
Қарлығаш: Олар әлі сонда ма?
Мейірбеков: біз кетіп бара жатқан кезде ол әйелін не ұрып жатты, не заттарды қиратып жатты, кетіп қалдық
Қарлығаш: Дұрыс істепсіңдер, ол ішіп алған ба?
Мейірбеков: Әйелімен сылқия ішіп алған
Қарлығаш: Шаршатты ғой әбден
Мейірбеков: Әйнек терезені сындыра жаздады
Қарлығаш: Күзет болмады ма?
Мейірбеков: Жоқ, асүйді қиратты
Еске салайық, бұған дейінгі сот отырысында Салтанаттың Бишімбаевқа жазған хаты жария болған еді. Бишімбаевтың қорғаушылары марқұм Салтанат Нүкенованың Қуандық Бишімбаевқа жазған хатын оқып берді.
Бишімбаев Нүкенова оның өміріне қауіп төндіргенін айтты
Сонымен қатар, Бишімбаев Нүкенова қайтыс болған түні не үшін көріпкелге хабарласқанын түсіндірген болатын.
3 сәуірде өткен сот отырысында Бишімбаев Салтанат қайтыс болған түн туралы мүлде басқа деректер айтқан болатын.
Сонымен қатар, Қуандық Бишімбаевтың қорғаушылары қылмысқа қатысы жоқ суретті көрсетіп, судьяны жаңылыстыра жаздады.
"Сотталушының телефоны". Бишімбаевтың сотында ұялы телефон шырылдады
Бишімбаев Салтанат көз жұмар алдында да жедел жәрдемге емес, балгерге хабарласқан
Өз-өзіме қол жұмсасам дұрыс болады деп ойладым - Бишімбаев
"Былай айт, былай айт" деп жатыр. Байжанов Бишімбаев өзіне қысым жасап жатқанын мәлімдеді
Сотта Бишімбаевтың Нүкенованы ұрып-соққан видеосы көрсетілді
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина