Абай облысында алапат өрт ортасында қалып, қаза тапқан 14 орманшынының бірі 51 жастағы Саят Нұржігітовті отбасы, туған-туысы ақтық сапарға шығарып салды. Оның артында жары, 3 баласы қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар" телеарнасына сілтеме жасап.
Саят Нұржігітов 19 жыл өмірін орманға арнапты. Соңғы уақытта "Семей орманы" резерватның Новошульба филиалында Успен орманшылығының мемлекеттік инспекторы болып еңбек еткен. Азаматтың жұбайы да өзімен бірге орманшылықта істепті. Сондықтан орманшылар отбасы отағасынан айырылып тұр. Марқұмды соңғы сапарға шығаруға отбасы, туғандары, Бородулиха ауланының халқы, орманшылар келді.
"Успенка орман шаруашылығында бірге қызмет еткен осы азаматтармен өте қайғырып тұрмыз, өте қайғылы жағдайға жүрегіміз ауырып тұр, айтуға сөз жоқ. Халық болып жылап жатырмыз. Нағыз батырлар батыр болып кетті өмірден. Туған-туыстарына барлығына көңіл айтамыз", - дейді орман шаруашылығының қызметкері Ұлан Шағанов.
Еске салайық, бұған дейін "Семей орманы" аумағында өрт шыққаны хабарланған еді. Кейінірек Абай облысындағы орман өртінің аумағы 2 мың гектарға жетті. Сондай-ақ, үш ауылдың тұрғындары үйлерін тастап кеткені белгілі болды. Ал тұрғындар өртсөндірушілерді азық-түлікпен қамтамасыз етті.
"Батырлар арамызда". Желіде өртсөндірушілердің далада ұйықтап жатқан видеосы тарады
Абай облысындағы алапат өрт салдарынан орман шаруашылығының 14 қызметкері іздестірілді. Кейін оның үшеуі қаза тапқаны анықталды. Осы жағдайлардан кейін Семейде орман өртіне байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді. Сонымен қатар, екі ауылға қауіп төніп тұрғаны хабарланды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысындағы өртке байланысты Вьетнамға сапарын кейінге шегерді. Президент Абай облысындағы өртке байланысты Үкіметке шұғыл тапсырма берді. Үкімет басшысы да қарамағындағыларға бірқатар тапсырма берді.
Кейінірек орман өрті 60 мың гектарға жайылғаны белгілі болды. Осыған орай 7 учаскеде өрт сөндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, өрттен 11 адам өлі табылды.
Абай облысында өрт: қаза тапқандарға қатысты жаңа дерек айтылды
Абай облысындағы өрттен қаза тапқандардың толық тізімі жарияланды. Ал экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Абай облысындағы өрт кезінде қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің суретін жариялады.
Абай облысындағы өртте ерлігі мен жанқиярлығы үшін қаза тапқан 14 адам марапатталды
Абай облысындағы өрт ошақтарының басым бөлігі оқшауланды. Тоқаев Абай облысындағы өрт аумағын тікұшақпен аралап шықты.
Абай облысындағы өрт: әуеден 486 рет су төгілді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Семей орманы" табиғи резерватындағы алапат өрт салдарынан қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасы мүшелері мен жақын туыстарына көңіл айтты. Мемлекет басшысы өрттен зардап шеккендерге өзі көмек беретінін мәлімдеді. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев та Абай облысында өрттен қаза тапқан қызметкерлердің отбасына көңіл айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!