- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Apple рекордтық капиталға...
Apple рекордтық капиталға жетті
Бүгін Apple капиталы 700 миллиард АҚШ долларынан асқан алғашқы компания атанып отыр. Бұл компанияның сатылым деңгейі ең жоғары нәтижеге жеткен кезіндегі акция бағасының қымбаттауынан кейінгі қаржы дүмпуі еді. Айта кетсек, кеше Нью-Йорк биржасындағы компанияның әрбір қымбат қағазы 122 АҚШ долларына дейін шарықтап кеткен.
Акцияның осындай құнымен компания 710 миллиард АҚШ долларына бағаланып отыр. Бұл көрсеткіш Microsoft, Google және Exxon Mobile (әрқайсысы 360 миллиард құнға ие) компанияларының бағасынан екі есе асып кеткен.
Осындай биржалық өсім Apple компаниясының соңғы кварталынан түскен пайда көлемін жариялағаннан кейін орын алды. Естеріңізге сала кетсек, екі апта бұрын купертинолық компанияның кварталдың табысы $74 миллиардқа жетіп, оның 18 миллиард АҚШ доллары дивидент көлемі болғаны туралы жазған болатынбыз.
Ал Fortune қаржы басылымы компанияның жылдам өсіп келетінін жазады. Мысалы, төрт жыл бұрын Apple капиталы 300 миллиард болған. Ал 2000 жылдан бүгінге дейін компанияның қымбат қағаздары 120 есе өсіпті.
Ескере кетсек, Apple аталған сандық көрсеткішке өткен аптада жеткен болатын. Дегенмен ол кезде биржадағы акция бағасы тұрақсыз болып, қайта төмендеп кетеді. Ал қазір сарапшы мамандар Apple-дің биржадағы ахуалын тұрақты деп отыр.
Сурет: www.greatfallstribune.com
Оқи отырыңыз:
Apple өзінің жеке іздеу жүйесін шығаруы мүмкін
Apple Watch сағатының алтын нұсқасы үшін дүкендерге сейфтер орнатылмақ
Apple өз тарихындағы рекордтық табысқа жетті
Apple соңғы кварталда неше iPhone сата алған?
Ж. Өрісбай