Apple Watch сағатының алтын нұсқасы үшін дүкендерге сейфтер орнатылмақ

Apple Watch сағатының алтын нұсқасы үшін дүкендерге сейфтер орнатылмақ

Купертинолық компания Apple Watch Edition смарт-сағаттарының алтын нұсқасы үшін алдын алу шараларын жасайтын болады. Айта кетсек, алтын сағаттар сатылым кезінде арнайы қондырылған сейфтерде сақталмақ.

Apple компаниясының сағаттары ресми дүкендерде сатылымға шығуы ағымдағы жылдың көктеміне жоспарланған. Сағаттың қарапайым түрлерінен бастап Apple Watch Sport нұсқасына дейін сатуға қойылмақ.

Ал смарт өнімдердің аксессуарларын жинаумен айналысатын тұлғалар үшін Apple Watch Edition алтын нұсқасы ерекше көзге түспек. Айта кетсек, сағаттың сыртқы корпусы толығымен алтыннан жасалынатын болады.

9to5Mac ғаламтор басылымының хабарлауынша, Apple өзінің алтын өнімі үшін қауіпсіздік шараларын қолға алмақ. Компания маркетологтары әрбір ресми дүкенде орнатылатын сейфтердің көмегімен сатып алушыларға сағат үлгілерін таныстыратын болады. Apple ресми дүкендерінде қауіпсіздік құрылғысын орнатуды бастап үлгерген екен.

Сурет: theinspirationroom.com

Оқи отырыңыз:

Apple Watch қуаты 2,5 сағатқа жетеді

Apple соңғы кварталда неше iPhone сата алған?

Sony электронды қағаздан смарт сағат жасайды

iPhone, iPad-қа арналған қазақша пернетақта жасалды

Ж. Өрісбай