Apple өзінің жеке іздеу жүйесін шығаруы мүмкін

Apple өзінің жеке іздеу жүйесін шығаруы мүмкін

Жуырда америкалық Apple компаниясы жаңа іздеу жүйесін жасаудың жолдарын қарастырып жатқаны мәлім болды.

Мұндай хабардың пайда болуына Apple компаниясының "Apple Search" атты жаңа жобасын жасайтын құрастырушы іздейтіндері себеп болып отыр. Олар бұл туралы айдың басында Apple компаниясының ресми сайтында жариялаған. Басшылардың хабарлауынша құрастырушы кем дегенде іздеу жүйесін жасауда 3 жылдық тәжірибесі бар, әрі болашақты болжай алатын өз ісінің шебері болуы керек. Сонымен қатар, Apple Search іздеу жүйесінің болашақта жүздеген миллион қолданушыларды жоғары дәрежеде қызмет ететін жаңа іздеу жүйесі болу керектігін баса айтқан.

Сондай-ақ, қазіргі таңдағы ең мықты іздеу жүйесі болып тұрған Google браузеріне басты бәсекелес болатындарын да жасырмады. Оны мына Apple компаниясының: интернет әлеміне төңкеріс әкелетін "Жаңа жобаның жаршысы бол, сенде өз үлесіңді қос!" деген сөздері негіз болып отыр. Бірақ, Apple Search — жаңа іздеу жүйесі қашаннан бастап жарыққа шығатыны әзірге белгісіз. Сараптама жасайтын компаниялар бұл жүйенің дүниеге келуі мүмкін деген пікірді 2010 жылдан бері айтып келе жатыр. Және бұл пікірлеріне 70% сенімді. Әрі олар Apple мен Google арасындағы өзара келісім-шарттың 2015 жылы аяқталатынын да алға тартады.

Алдағы бір жылда қай іздеу жүйесін қолданатымыз әзірге белгісіз. Бір шетінен қарапайым халыққа қайсы болса да бәрі бір, тек ыңғайлы болса болды. Ал егер Apple компаниясының жаңа іздеу жүйесі келіп, Google іздеу жүйесін тұғырынан құлатып жіберсе, Google компаниясына оңай соқпасы анық.

Сурет: zoomit.ir, viuz.com

Оқи отырыңыз:

 Apple Watch сағатының алтын нұсқасы үшін дүкендерге сейфтер орнатылмақ

Apple өз тарихындағы рекордтық табысқа жетті

Әлемдегі ең жұқа смартфон ресми түрде таныстырылды

Microsoft RT-планшетін қайтып шығармауы мүмкін

Е. Жұмабайұлы