Apple соңғы кварталда неше iPhone сата алған?

Apple соңғы кварталда неше iPhone сата алған?

Силикондық компания өткен жылдың соңғы кварталында қанша смартфон сатты деп ойлайсыз? 40, 50, мүмкін, 70 миллион дана болар? Бұл статистикалық ақпаратты Morgan Stanley сарапшыларының бірі қарастырып көрді. Сандық есептің нәтижесі сарапшылардан бұрын, компания басшыларын да таң қалдырып отыр.

Сарапшылардың болжамы бойынша, Apple-дің соңғы қаржы кварталында 69 миллион iPhone сатылған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың есебінен 18 миллион данаға көп болып отыр. iPhone 6 смартфонының екі нұсқасы жаппай сатылымға шығар алдында Apple 80 миллион дана сатуды жоспарлаған болатын. Әдетте сарапшылардың болжалдық ақпараты кейіннен Тим Куктің есебімен бірдей болып шығады. Сол себепті статистикалық ақпараттың ресми расталуын күту ғана қалды.

Ал iPad планшеттері сатылымының көрсеткіші керісінше төмендей түскен. Олар өткен жылғы есеппен салыстырғанда 4 миллион данаға кеміген. Сарапшылар планшетке деген қызығушылықтың төмендеуін гаджеттің жаңармауынан деп отыр. Айта кетсек, Apple планшеттері iPad Air өнімі шыққаннан кейін айтарлықтай жаңартылмаған.

Ендеше әлемдік деңгейдегі сарапшылардың бұл болжамдарының дұрыс не бұрысын бірнеше күннен кейін білетін боламыз. Айта кетсек, қаңтар айының 27-сінен 28-іне қараған түні Apple компаниясы өзінің кварталдық есебін береді. 

Сурет: hi-tech.mail.ru

Оқи отырыңыз:

iPhone 6 және iPhone 6 Plus ресми түрде сатылымға шықты

iPhone 6 тұтынушылары тапсырыстарын өз уақытында алмайды

IPhone 6 смартфонын құлтемірлер құрастырады

Ж. Өрісбай