8 маусымда Абай облысында басталған алапат өртпен күрес әлі жүргізіліп жатыр. Оқиға салдарынан орман шаруашылығының 14 қызметкері қаза тапты. Бірнеше ауыл тұрғындары үйлерін тастап, арнайы ұйымдастырылған бекеттерде түнеуге мәжбүр. Massaget.kz тілшісі өрттен зардап шеккендерге қалай көмек көрсетуге болатынына шолу жасады.
Әкімдік жариялаған шоттар
"Түскен барлық қаражат Абай облысында өрттен зардап шеккендерге көмекке жұмсалады", - делінген әкімдік хабарламасында.
Реквизиттер:
"Ақ Ертіс" қоғамдық қоры
БСН 220 840 037 964
ЖСК арнайы банктік шоты
KZ80601A261001216131
"Қазақстан Халық банкі" АҚ
БИК HSBKKZKX
Кбе 18
Ұлттық волонтерлік желі жариялаған шоттар
"Ұлттық волонтерлік желі эвакуацияланған елді мекендердің тұрғындарына және өртті сөндіруге тартылған мамандарға гуманитарлық көмек көрсету үшін қаражат жинайды. Жиналған қаражат @volontery_semey_lider.kz аударылады, волонтерлер қажет тауарларды сатып алып, төтенше жағдай орнына жеткізеді. Байланыс үшін: @volontery_semey_lider.kz - Павел Евгения 8(747)349-57-17", - делінген желінің ресми сайтында.
Қосымша сұрақтар бойынша Birgemiz республикалық волонтерлер фронт-офисінің ақпараттық желісі бойынша байланысуға болады: 8(708)706-42-42.
Дәулеттен қоры жариялаған шоттар
"Тілсіз жаудан зардап шеккен азаматтарға қолдау көрсетейік. Барынша бәріміз бір болып, көмек қолын созайық. Үлес қосамын десеңіз: КASPI арқылы - Төлемдер - Dauletten қайырымдылық қоры
HALYK BANK арқылы - Төлемдер - Dauletten қайырымдылық қоры", - делінген қордың ресми парақшасында.
Алматы қаласының жастар саясаты басқармасы жариялаған мекенжай:
Бүгіннен бастап Алматыда Абай облысының тұрғындары үшін гуманитарлық көмек жинау басталды. Алматы қаласындағы гуманитарлық көмек жинау пункті: Байтұрсынов көшесі, 22к1, 1 қабат мекенжайында орналасқан еріктілердің фронт-кеңсесі.
Байланыс нөмерлері: +7 747 821 64 78; +7 747 540 01 40.
Қабылдау пунктінде кез келген көлемде заттар мен алғашқы қажет азық-түліктер қабылданады. Қазір гуманитарлық көмекке бірінші кезекте қажет заттар:
- көрпелер, ұйықтайтын сөмкелер;
- тыныс алу маскалары;
- термос, қол шамы, қуаттауыштар;
- жөргектер, дымқыл майлықтар, жеке және әйелдер гигиенасы құралдары;
- қажет өнімдер (консервілер, печенье және т.б.);
- бір рет қолданылатын ыдыс;
- су және т.б.
Қабылдау пунктінің жұмыс уақыты: сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін.
Еске салайық, бұған дейін "Семей орманы" аумағында өрт шыққаны хабарланған еді. Кейінірек Абай облысындағы орман өртінің аумағы 2 мың гектарға жетті. Сондай-ақ, үш ауылдың тұрғындары үйлерін тастап кеткені белгілі болды. Ал тұрғындар өртсөндірушілерді азық-түлікпен қамтамасыз етті.
"Батырлар арамызда". Желіде өртсөндірушілердің далада ұйықтап жатқан видеосы тарады
Абай облысындағы алапат өрт салдарынан орман шаруашылығының 14 қызметкері іздестірілді. Кейін оның үшеуі қаза тапқаны анықталды. Осы жағдайлардан кейін Семейде орман өртіне байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді. Сонымен қатар, екі ауылға қауіп төніп тұрғаны хабарланды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысындағы өртке байланысты Вьетнамға сапарын кейінге шегерді. Президент Абай облысындағы өртке байланысты Үкіметке шұғыл тапсырма берді. Үкімет басшысы да қарамағындағыларға бірқатар тапсырма берді.
Кейінірек орман өрті 60 мың гектарға жайылғаны белгілі болды. Осыған орай 7 учаскеде өрт сөндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, өрттен 11 адам өлі табылды.
Абай облысында өрт: қаза тапқандарға қатысты жаңа дерек айтылды
Абай облысындағы өрттен қаза тапқандардың толық тізімі жарияланды. Ал экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Абай облысындағы өрт кезінде қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің суретін жариялады.
Абай облысындағы өртте ерлігі мен жанқиярлығы үшін қаза тапқан 14 адам марапатталды
Абай облысындағы өрт ошақтарының басым бөлігі оқшауланды. Тоқаев Абай облысындағы өрт аумағын тікұшақпен аралап шықты.
Абай облысындағы өрт: әуеден 486 рет су төгілді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Семей орманы" табиғи резерватындағы алапат өрт салдарынан қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасы мүшелері мен жақын туыстарына көңіл айтты. Мемлекет басшысы өрттен зардап шеккендерге өзі көмек беретінін мәлімдеді. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев та Абай облысында өрттен қаза тапқан қызметкерлердің отбасына көңіл айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!