- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Абай облысындағы өрт...
Абай облысындағы өрт азаматтық қорғаныс саласындағы көп мәселенің бетін ашты - зерттеу
Абай облысындағы қайғылы жағдай азаматтық қорғаныс саласындағы көп мәселенің бетін ашты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ranking.kz сарапшыларына сілтеме жасап.
Сарапшылардың сөзінше, маусым айының басында "Семей орманы" қорығындағы өрт 14 адамның өмірін қиған қайғылы оқиға азаматтық қорғаныс саласын қаржыландырудың жүйелі берілмейтінін тағы да көрсетті.
ТЖМ мәліметінше, министрліктің азаматтық қорғаныс ұйымдарында 3,9 мың бірлік автокөлік бар (бұл қажеттіліктің 66,8 пайызы ғана). Оның ішінде 500 машина сонау өткен ғасырдың 70-90 жылдары шығарылып, әлдеқашан қолданыстан шығарылуы тиіс болған. 2017–2022 жылдары бар болғаны 305 өрт сөндіру машинасы сатып алынды. Орман шаруашылығы техника мен құрал-жабдықтармен 66,3 пайыз ғана қамтылған. Мәселен, норма бойынша орман шаруашылығы кәсіпорындарында 262 өрт сөндіру машинасы болуы керек болса, іс жүзінде оның 166-сы ғана болса, оның үстіне 124-і (74,7 пайыз) ескірген. Сондай-ақ орман шаруашылығына тиесілі барлық патрульдік автокөліктердің 35 пайызын және тракторлардың 38,4 пайызын есептен шығару қажет.
"Қайтыс болған осы орманшылардың мәселесі - арнайы қорғаныс құралдарының және дұрыс жұмыс істейтін рациялардың жоқтығы, бұл жекелеген мәселе емес. Құзырлы министрліктің мәліметінше, азаматтық қорғаныс қызметтерін жабдықтау мен қамтамасыз ету деңгейі 41,4 пайыз ғана. Роботтар, дрондар және т.б. секілді сандық көмекшілерді айтпағанда рациялар мен рюкзактар шашыратқыштар жеткіліксіз.
Дегенмен, материалдық жабдықта проблемалар тек орман шаруашылығында ғана емес, табиғи өрттердің алдын алу мен сөндіруге жауапты басқа да көптеген қызметтерде бар. Мәселен, ТЖМ мен Орманды қорғау комитетінің авиациялық бөлімшелерінде тікұшақтар, ал медициналық құтқару көлігінде медициналық құрал-жабдықтар жетіспейді. Арнайы медициналық көліктің 44 бірлігінің 33-інде қажетті құрылғылар жоқ", - делінген зерттеуде.
Азаматтық қорғаныс жүйесіндегі тағы бір үлкен олқылық өрт сөндіруші-құтқарушылардың және орман шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысының өте төмендігі. ҚР ТЖМ мәліметінше, бірінші санаттағылардың ең төменгі деңгейі 108 мың теңгеден, екіншісінде 60 мыңнан 100 мың теңгеге дейін. Сондықтан салада кадрлар көп отырмайды. 2021 жылы 700 қызметкер, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 770 адам жұмыстан шығарылды.
Еске салайық, бұған дейін "Семей орманы" аумағында өрт шыққаны хабарланған еді. Кейінірек Абай облысындағы орман өртінің аумағы 2 мың гектарға жетті. Сондай-ақ, үш ауылдың тұрғындары үйлерін тастап кеткені белгілі болды. Ал тұрғындар өртсөндірушілерді азық-түлікпен қамтамасыз етті.
"Батырлар арамызда". Желіде өртсөндірушілердің далада ұйықтап жатқан видеосы тарады
Абай облысындағы алапат өрт салдарынан орман шаруашылығының 14 қызметкері іздестірілді. Кейін оның үшеуі қаза тапқаны анықталды. Осы жағдайлардан кейін Семейде орман өртіне байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді. Сонымен қатар, екі ауылға қауіп төніп тұрғаны хабарланды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысындағы өртке байланысты Вьетнамға сапарын кейінге шегерді. Президент Абай облысындағы өртке байланысты Үкіметке шұғыл тапсырма берді. Үкімет басшысы да қарамағындағыларға бірқатар тапсырма берді.
Кейінірек орман өрті 60 мың гектарға жайылғаны белгілі болды. Осыған орай 7 учаскеде өрт сөндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, өрттен 11 адам өлі табылды.
Абай облысында өрт: қаза тапқандарға қатысты жаңа дерек айтылды
Абай облысындағы өрттен қаза тапқандардың толық тізімі жарияланды. Ал экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Абай облысындағы өрт кезінде қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің суретін жариялады.
Абай облысындағы өртте ерлігі мен жанқиярлығы үшін қаза тапқан 14 адам марапатталды
Абай облысындағы өрт ошақтарының басым бөлігі оқшауланды. Тоқаев Абай облысындағы өрт аумағын тікұшақпен аралап шықты.
Абай облысындағы өрт: әуеден 486 рет су төгілді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Семей орманы" табиғи резерватындағы алапат өрт салдарынан қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасы мүшелері мен жақын туыстарына көңіл айтты. Мемлекет басшысы өрттен зардап шеккендерге өзі көмек беретінін мәлімдеді. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев та Абай облысында өрттен қаза тапқан қызметкерлердің отбасына көңіл айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина