Желіде Абай ауданында өрт шыққан кезде ТЖМ-нің экс-министрі Юрий Ильиннің Дубайда болды деген ақпарат тарады. Министрлік бұл ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Юрий Ильин 8-9 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында жұмыс сапарымен болған.
Жұмыс сапарының бірінші күні облыс орталығына жақын жерде салынып жатқан құтқару бөлімшелерін, техника мен жүзу құралдарын тұрақты орналастыруға арналған СҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметінің Жедел-құтқару жасағы кешеніне барған. Одан кейін ол Петропавлда Береке шағынауданындағы өрт сөндіру депосы кешенінің құрылыс аумағында болған.
Екінші күні экс-министр облыс тұрғындарымен кездескен.
Есеп беру кездесуі аясында экс-министр БАҚ өкілдерінің сауалына жауап беріп, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті, онда ведомствоның жұмысы, азаматтық қорғау жүйесін дамыту перспективалары және туындаған мәселелерді шешу туралы айтты.
Сонымен қатар, Юрий Ильин азаматтарды жеке қабылдап, олардың сұрақтарына жауап берген.
Айта кетейік, экс-министр Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарын Абай ауданындағы өртке байланысты тоқтатқан еді.
Еске салайық, бұған дейін "Семей орманы" аумағында өрт шыққаны хабарланған еді. Кейінірек Абай облысындағы орман өртінің аумағы 2 мың гектарға жетті. Сондай-ақ, үш ауылдың тұрғындары үйлерін тастап кеткені белгілі болды. Ал тұрғындар өртсөндірушілерді азық-түлікпен қамтамасыз етті.
"Батырлар арамызда". Желіде өртсөндірушілердің далада ұйықтап жатқан видеосы тарады
Абай облысындағы алапат өрт салдарынан орман шаруашылығының 14 қызметкері іздестірілді. Кейін оның үшеуі қаза тапқаны анықталды. Осы жағдайлардан кейін Семейде орман өртіне байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді. Сонымен қатар, екі ауылға қауіп төніп тұрғаны хабарланды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысындағы өртке байланысты Вьетнамға сапарын кейінге шегерді. Президент Абай облысындағы өртке байланысты Үкіметке шұғыл тапсырма берді. Үкімет басшысы да қарамағындағыларға бірқатар тапсырма берді.
Кейінірек орман өрті 60 мың гектарға жайылғаны белгілі болды. Осыған орай 7 учаскеде өрт сөндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, өрттен 11 адам өлі табылды.
Абай облысында өрт: қаза тапқандарға қатысты жаңа дерек айтылды
Абай облысындағы өрттен қаза тапқандардың толық тізімі жарияланды. Ал экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Абай облысындағы өрт кезінде қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің суретін жариялады.
Абай облысындағы өртте ерлігі мен жанқиярлығы үшін қаза тапқан 14 адам марапатталды
Абай облысындағы өрт ошақтарының басым бөлігі оқшауланды. Тоқаев Абай облысындағы өрт аумағын тікұшақпен аралап шықты.
Абай облысындағы өрт: әуеден 486 рет су төгілді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Семей орманы" табиғи резерватындағы алапат өрт салдарынан қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасы мүшелері мен жақын туыстарына көңіл айтты. Мемлекет басшысы өрттен зардап шеккендерге өзі көмек беретінін мәлімдеді. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев та Абай облысында өрттен қаза тапқан қызметкерлердің отбасына көңіл айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!