- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- LG музыка сервисін...
LG музыка сервисін жасап шықты
Музыкалық қызметтің қанша түрін білесіз? Ал олардың қайсысын қолданасыз? Қарап көрелік. Бүгінде Google Music, Apple Music, Яндекс.Музыка, Spotify, Deezer, Zvooq, Tidal сынды танымал қызмет түрлері бар. Одан бөлек, Samsung жақында өзінің Milk Music жобасын қосты. Бұл аз десеңіз, LG компаниясы да жаңа сервис жасады.
LG компаниясының ресми анонсына орай, әрбір тұтынушы айына тек екі әуенді тегін жүктей алады. Ал көбірек тыңдағысы келетіндер үшін оңтүстіккореялықтар iTunes бағасына қарағанда 50% жеңілдік береді. Бұл туралы EnGadget техно ресурсы хабарлады.
Сарапшылардың айтуынша, оңтүстіккореялық компанияның қызмет түрі жоғарыда аталған сервистерге бәсекелес бола алмайды. Себебі, жаңа өнімнің тұтынушыларды қызықтырмайды. Сонымен қатар, музыкалық қызметті тек LG смартфондарының (G2, G3, G4, G Flex 2) тұтынушылары ғана қолдана алады.
Онлайн үлгідегі қызмет түрін www.lgworld.com сайты арқылы LG SmartWorld қосымшасының көмегімен қондыруға болады. Өнім бір айда әлемнің 70 елінде іске қосылады деп жоспарланған.
Ж. Өрісбай