iTunes-те жүктелім саны 25 миллиардқа жетті

iTunes-те жүктелім саны 25 миллиардқа жетті

Chase Buch атты ағылшын әншісінің “Monkey Drums” композициясы 25 000 000 000-шы болып сатылған ән.

Apple корпорациясының қызметін ұсынушы өкілдер өз ресми сайттарында iTunes-тен жүктелген әндері 25 миллиардқа жеткенін айтып, мәлімдеме жасады.

25 000 000 000-шы тректі жүктеген Германия тұрғыны Филипп Люпке екені белгілі болды. Ол сыйлық ретінде компаниядан iTunes Gift картасы мен 10 000 еуро алмақ. Бірақ ұтыскер бұл ақшаны тек iTunes интернет-сервисінен ән сатып алуға жарата алады екен.   

«Біз өз тұтынушыларымызға алғыс айтамыз. Себебі олардың әнге деген қызығушылығы бізге әлемнің №1 магазиніне айналуға мүмкіндік берді» дейді Apple интернет-құрастыру саласының президент орынбасары Эдди Кью.

Ән дүкенінің сайтынан минутына 15 000 трек жүктеледі екен. Apple iTunes сервисі өз қолданушыларына атақты әншілердің жаңа әндерін жедел түрде ұсына алатындығымен ерекшеленеді.  

Бұған дейін бұл сервис рекорд жаңартқан еді. 2010 жылы ақпан айында тағы бір қолданушы жүктелім саны 10 миллиардқа жеткен кезде 10 000 еуро сыйлық алған еді.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: telegraph.co.uk

А. Құлтай