Apple жаңа iPod touch плеерін таныстырды

Apple жаңа iPod touch плеерін таныстырды
Фото: ns-game.com

Apple компаниясы өзінің iPod touch өнімін соңғы 3 жылда енді жаңартып отыр. Аталған аппарат дербес компьютерге арналған A8 процессорының 64-битті нұсқасымен жұмыс істейді. Айта кетсек, мұндай процессордың аналогы iPhone 6 мен iPhone 6 Plus смартфондарында да қолданылған еді.

Жаңа модельдің 8-мегапиксельді негізгі камерасы iSight технологиясымен жасалған. Ал оның қосалқы камерасы бұрыңғы қалпын сақтапты. Сонымен қатар, девайстың дисплейі де еш өзгеріссіз қалған. Нақтылап өтсек, 4-дюймді экранның тек тығыздығы ғана біршама артып, сапа көрсеткіші 324 пиксельге жоғарылаған.

Силикондық компанияның жаңа плеері күрең, көк, ашық қызыл, алтын және күміс түсті кейіпте ұсынылады. Ал оның ішкі құрылымына тоқталсақ, iPod touch 6 аппараты iOS 8.4 оперативті жүйесінің Apple Music қызметімен жабдықталған. Сондай-ақ, компания инженерлері дайындаған Beats 1 онлайн-радиосы жұмыс істейді. Ал толық қуаты 8 сағат белсенді жұмыс жасау мүмкіндігін береді. Аппараттың 16, 32 және 64 Гбайтты нұсқаларынан бөлек, тұңғыш рет ауқымды 128 ГБайтты моделі сатылымға шығарылмақ.

Ж. Өрісбай