Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы әлі де жалғасып жатыр. Бүгінгі сот отырысында Бишімбаевтың адвокаты Назкен Құсайынова BAU мейрамханасында оқиға болған бөлменің зерттеу сипаттамаларын оқыды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Осы сәтте жәбірленуші тарап өкілі Игорь Вранчев неге бөлмеден марқұмның саусақ іздері табылмағанын сұрады.
"Салтанат болған VIP-1-де оның саусақ іздері неге табылмағанын қалай түсіндіресіз?" - деп сұрады ол Бишімбаевтан.
Сонымен қатар, "VIP-1-де оның саусақ іздерін және басқа да іздерді нашатырьмен кетірген жоқсыз ба?" деп нақтылады.
"Мен тіпті нашатырьды қалай қолдануды білмедім, Байжанов көрсетті", - деді ол.
Айта кетейік, бүгін судья Бишімбаев тарапының өтінішін қанағаттандырмады. Судья Айжан Құлбаева Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты мәскеулік мамандар жүргізген сараптама нәтижесін іс материалдарына қосу мәселесін құптамады.
Еске салайық, бұған дейінгі сот отырысында Салтанаттың Бишімбаевқа жазған хаты жария болған еді. Бишімбаевтың қорғаушылары марқұм Салтанат Нүкенованың Қуандық Бишімбаевқа жазған хатын оқып берді.
Бишімбаев Нүкенова оның өміріне қауіп төндіргенін айтты
Сонымен қатар, Бишімбаев Нүкенова қайтыс болған түні не үшін көріпкелге хабарласқанын түсіндірген болатын.
3 сәуірде өткен сот отырысында Бишімбаев Салтанат қайтыс болған түн туралы мүлде басқа деректер айтқан болатын.
Сонымен қатар, Қуандық Бишімбаевтың қорғаушылары қылмысқа қатысы жоқ суретті көрсетіп, судьяны жаңылыстыра жаздады.
"Сотталушының телефоны". Бишімбаевтың сотында ұялы телефон шырылдады
Бишімбаев Салтанат көз жұмар алдында да жедел жәрдемге емес, балгерге хабарласқан
Өз-өзіме қол жұмсасам дұрыс болады деп ойладым - Бишімбаев
"Былай айт, былай айт" деп жатыр. Байжанов Бишімбаев өзіне қысым жасап жатқанын мәлімдеді
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!