Димаш Sharp теледидар өндіруші брендінің тікелей эфирінде қонақ болды

Димаш Sharp теледидар өндіруші брендінің тікелей эфирінде қонақ болды
Фото: vk.com

Барша қазақтың мақтанышына айналған талантты әнші, отандасымыз Димаш Құдайберген Sharp теледидар өндіруші брендінің тікелей эфирінде қонақ болды. Аталған шарада әнші қазақтың халық әні "Бір баланы" шырқады. 

Сонымен бірге ол барабанда ойнап берді. 

Толық нұсқасын осы жерден көре аласыздар.

Естеріңізге сала кетейік, Димаш 10 маусым күні Шеньчжень қаласында өткен ОРРО шарасында өнер көрсетті. Оның жаз айында бірнеше жоспары бар. Әншінің EXPO-2017 xалықаралық көрмесі аясында Астана қаласындағы "Астана-Арена" стадионында "Бастау" атты жеке шығармашылық концерті өтеді. 

Ж. Жұмағұлов