Димаш OPPO шарасында өнер көрсетті

Димаш OPPO шарасында өнер көрсетті
Фото: vk.com

Кеше миллиондаған тыңдармандардың жүрегінің төрінен орын алып үлгерген талантты әнші, отандасымыз Димаш Құдайберген Шеньчжень қаласында өткен ОРРО шарасында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Массагет тілшісі. 

Үлкен аренада Димашты көруге концертке арнайы келген Dears-тардың саны әдеттегідей өте көп болды. Бұл туралы әнші өзінің инстаграм парақшасында "Бүгінгі Шеньжень қаласындағы мені қолдап келген барлық жанкүйерлеріме алғыс!!!", - деп жазып рахметін білдірді. 

Естеріңізге сала кетейік, отандасымыздың EXPO-2017 xалықаралық көрмесі аясында ұйымдастырылатын Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 27 маусым 20:00-де "Астана аренада" "Бастау" атты жеке шығармашылық концерті өтеді. Желіге әншінің сол концертіне дайындалып жатқан суреттері тарады. Бүгінде 30 мыңға таяу билеттің жартысынан көбі сатылып кетті. Ол жақында ғана Астанаға қонаққа келген атақты актер Джеки Чанмен кездесіп, онымен бірге ән шырқады.

Ж. Жұмағұлов