Димаштың жаз айындағы жоспары қандай?

Димаштың жаз айындағы жоспары қандай?
Фото: vk.com

Елдің сүйіктісіне айналған талантты әнші, отандасымыз Димаш Құдайбергеннің әр басқан қадамы бүгінде көптің назарында. Күні кеше ғана атақты актер Джеки Чанмен кездесіп, онымен бірге ән шырқады. Бүгін ол қайтадан Қытайға ұшты. 

Өнерімен миллиондаған көпшілікті мойындатқан Димаштың жаз айындағы жоспарларымен таныс болыңыздар. Мұны Димаштың EurasianFanClub фан тобы хабарлады. 

1) 10 маусым – Чжэцзян қаласындағы OPPO шарасы. 

2) 12 маусым – Jindong-та өтетін Sharp компаниясының жарнама концерті.

3) 27 маусым – ЕХРО-2017 көрмесі аясында Астанада "Бастау" жеке шоу-концерті. 

5) 30 маусым – Nanjing қаласында концерт.

6) З маусым –  Ханьчжоу қаласында концерт. 

7) 16 маусым – Марбелья (Испания) қаласындағы Global Gift Gala қайырымдылық концерті.

8) 17 маусым – Витебск (Беларусия ) қаласында өтетін  "Славян базары" ән байқауының жабылу салтанаты.

10) 29 шілде –  Changzhou қаласында концерт.

Естеріңізге сала кетейік, отандасымыздың EXPO-2017 xалықаралық көрмесі аясында ұйымдастырылатын Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 27 маусым 20:00-де "Астана аренада" "Бастау" атты жеке шығармашылық концерті өтеді. Желіге әншінің сол концертіне дайындалып жатқан суреттері тарады. Бүгінде 30 мыңға таяу билеттің жартысынан көбі сатылып кетті. 

Ж. Жұмағұлов