Украиналық ресторан франшизасы Қазақстанда ашылады

Украиналық ресторан франшизасы Қазақстанда ашылады
Фото: hollywood.cn.ua

Украина халқына танымал отандық фаст фуд орталығы енді Қазақстанда да қызмет көрсетпек. Аталған ресторан желісінің бас директоры Алексей Поповтың айтуынша, 2017 жылдың соңына қарай "Крылья" ресторанының 30 желісі Қазақстан мен Белоруссияда ашылады. Нақтырақ айтсақ, Қазақстанда 10, ал Белоруссияда 20 ресторан ашу жоспарланған.

Компанияның франчайзингіне жауапты маман Андрей Залуницын ресторанды ашуға әр елден отандық инвесторлармен кездесу ұйымдастырылып жатқанын айтады. "Крылья" ресторанының Қазақстандағы франшизасы Орал, Атырау, Ақтау және Ақтөбе қалаларында ашылуы мүмкін. Себебі ресторан бизнесіне осы қалалардан сұраныс артып отыр. Айта кетсек, украиналық франшиза халықаралық нарыққа "Wings" атауымен шығарылады.

Аталған фаст фуд ресторандар желісін 2011 жылы украиналық белгілі кәсіпкер Юрий Косюк ашқан. Қазіргі таңда, ол «Мироновский хлебопродукт» агрохолдингінің ең үлкен акционері саналады.

"Крылья" франшизасы әртүрлі бизнес-процестерді игеріп, 2015 жылға қарай жеке жоба ретінде дами бастаған. 2016 жылы ашылған ресторандар саны 30-ға жетсе, қазіргі таңда оның 42 рестораны бар.

Ж. Өрісбай