Қазақстанға келмеген әлемдік брендтер

Қазақстанға келмеген әлемдік брендтер
Фото: www.franchisemarketingsystems.com

Кейбір елдерге танымал бола қоймаған брендтік өнімдер туралы шетел асып келген азаматтар үлкен құлшыныспен айтып жатады. Жаһандану кезінде отандық өнім халықаралық статусқа жылдам ие бола алады.Дегенмен де, қоғамның бренд өніміне сұранысына салықтық мөлшерлемелер кедергі келтіріп жатады. Одан бөлек, халықаралық брендті белгілі бір елде танымал ету үшін жергілікті кәсіпкерлер оның франшизасын иемденуі тиіс. Сол себепті де көптеген брендтер Қазақстан нарығына әлі келіп үлгермеген.

Шетелде жүріп, McDonald's, Subway, Taco bell және Starbucks сияқты мейрамханалар желісінен дәм татқан болсақ, кейбіріміз атауларын ғана естігенбіз. Ендеше алдағы уақытта Қазақстанға келетін халықаралық деңгейдегі брендтерге тоқтала кетсек.

Subway

1965 жылы Фред Де Люк есімді америкалық кәсіпкер Бриджпорт қаласында (Коннектикут штаты) Subway жылдам тамақтанатын мейрамхана ашады. Ал 22 жылдан кейін Фред досы Питер Бакпен бірге мейрамхананың 1000-шы франшизасының ашылуына қатысады. Қазіргі таңда әлемнің 101 елінде 43 732 Subway рестораны жұмыс істейді. Сонымен қатар, Subway  аты әлемге танымал McDonald’s фаст-суд мейрамханалар желісіне бәсекелес бола алатын жалғыз франшиза.

Subway тек көкөністермен дайындалатын сендвичтерімен танымал. Ресторан адамның артық салмақ қоспауын құптайды. Сондықтан Subway ресторандар желісі АҚШ-та, кейіннен бүкіл әлемде бірден танымалдыққа ие болған.

Entrepreneur's Magazine сараптамасы бойынша 15 рет ең үздік франшизалық компания деп табылған Subway мейрамханасының Қазақстанда ашылуы туралы әзірге нақты мәлімет жоқ. Дегенмен Subway сендвич дайындау принципін қолданатын Take Away сынды ресторандар желісі Алматыда қызмет көрсетеді. Қазіргі таңда Subway мейрамханасын ашу үшін орташа есеппен 100 мың АҚШ доллары қажет болады. Ал франшизаны сатып алу үшін $30-70 000-ды керек.

McDonald’s

Ағайынды Макдональдтар алғашқы мейрамхаансын 1940 жылы ашады. Ал оның жылдам қызмет көрсету қағидасы 8 жылдан кейін енгізіледі. Бизнес жоба АҚШ-тағы орта тап азаматтарына жанұясын мейрамханаға алып бару мүмкіндігін бергендіктен, McDonald's танымал бола бастайды. Ал 1950-жылдары Рей Крок есімді бизнесмен компанияны сатып алып, мейрамханалар желісін франшизалық жүйеге бейімдейді. Қазіргі таңда әлемнің 118 елінде 36 480 McDonald’s мейрамханасы жұмыс істейді.

Көп жылдар бойы ағайынды Макдональдтар құрған мейрамханалар желісі франшиза бойынша әлемде ең үлкен компания болып келді. Тек 2010 жылдан бері Subway мейрамханалар саны бойынша Макдональдстан басып озады. Дегенмен табыс мөлшері бүгінге дейін Рей Крок негіздеген компанияда көп болып отыр.

McDonald's брендін пайдалануға франшиза сатып алған жергілікті компания Алматы қаласында алғашқы ресторанды 2016 жылдың бірінші жартысында ашпақшы. Ас мәзірінде дәстүрлі және бүкіл әлемге белгілі Биг Мак, Макдабл, Макнаггетс және Чизбургер сияқты 30-дан астам бургер түрі ұсынылады.

Mountain Dew

Mountain Dew  көптеген елдерде сұранысқа ие газдалған алкогольсіз сусын. Оның дайындалу рецепті 1940-жылдары Ноксвиллде (Теннесси штаты) ойлап табылған. Бастапқыда ол тек вискиге араластырып ішу үшін шығарылатын болған.

Сусын  америкалық PepsiCo компаниясының негізгі брендтерінің бірі. Ол Ұлыбритания нарығына 1996 жылы енгізіледі. Ал Ресейде 2001 жылдан бері сатыла бастағанымен, біздің нарыққа әзірге келген жоқ. 

PapaJohn's

Негізгі бизнесі пицца дайындау болған PapaJohn's мейрамхаансын 1984 жылы Джон Шнаттер есімді америкалық ашады. Содан бері PapaJohn's бренді халықаралық деңгейге жетіп, мейрамханалар саны 4200-ге жетеді. Әлемнің 35 елінде қызмет көрсететін пиццерия Қазақстанда ашылмаған.

Қазіргі таңда пиццерияның ең танымал қызметі  тапсырысты үйге жылдам жеткізіп беру. Papa John's — Pizza Hut және Domino's Pizza мейрамханалар желілерінен кейінгі ең үлкен пиццериялық компания.

Жалғасы

Ж. Өрісбай