Массагет байқауында АҚШ-тан да қатысушы бақ сынауда

Массагет байқауында АҚШ-тан да қатысушы бақ сынауда
Фото: Кәусар Тортай жеке профилінен

"Мақсатыңа Массагетпен бірге жет!" байқауына қатысушылар өз мақсатына жету жолындағы алғашқы қадамдарын бастап кетті. Қатысушылар күн сайын белсенділік танытып, жазбаларының да сапасы артып келеді. Сондай-ақ еліміздің түрлі өңірлеріндегі жасөспірімдердің басын біріктіріп отыр. Олардың қатарында АҚШ-та білім алатын Кәусар Тортай да бар.

Массагет сайты жариялаған байқаудың ең жас қатысушысы Кәусар Тортай Калифорния штатындағы Солтүстік Давис мектебінде оқиды. Алғашқы жазбасында таныстырғандай, мектебіндегі жалғыз – қазақ. АҚШ-та жүрген қандасымыз алдағы уақытта білімін ұштап, кейіннен Елордада қызмет жасауды мақсат тұтады.

Бүгін статистиканы жақсы көретін оқырмандар үшін, тағы бір қызықты мәлімет ұсынғалы отырмыз. Байқауға қай өңірден үміткерлер көп қатысып жатқаны туралы айта кетпекпіз. Ең көп үміткерлер Алматы облысынан қатысуда. Байқауда бұл өңірден 9 қатысушы бақ сынауда. Оңтүстік Қазақстан облысының жастары да Массагет байқауына белсенді қатысып, көзге түсуде. Бұл өңірден 8 үміткеріміз жарыс жолында екен. Статистика үштігін 7 қатысушымен Қызылорда облысы қорытындылап тұр.

Әр өңірден қатысушылар саны:

Алматы облысы – 9

ОҚО – 8

Қызылорда – 7

Жамбыл облысы – 4

Атырау – 4

Батыс Қазақстан облысы – 3

Ақтөбе – 2

Көкшетау – 1

Ақмола облысы – 1

Алда әлі де талай қызықты мәліметтер ұсынатын боламыз. Бізбен бірге болыңыздар!

О. Сансызбай