"Томирис" - ең жас команда!

"Томирис" - ең жас команда!
Фото: Массагет

"Мақсатыңа Массагетпен бірге жет!" байқауы өте қызықты басталды. Қатысушылар күн сайын белсенділік танытып, мәреге қарай өрлеп барады. Ереже бойынша алғашқы аптаның қорытындысы жарияланды. Әзірге "Эрудит" тобы көш бастап келеді. Жекелей сында "Хан Tengri" тобының мүшесі Дәулетбақ Муятов бірінші орында тұр.

Статистиканы жақсы көретін оқырмандар үшін, тағы бір қызықты мәлімет ұсынғалы отырмыз. Байқауға қатысушыларды жас мөлшері бойынша саралаған едік. Нәтижесінде "Томирис" тобының қатысушылары орташа есеппен 15,1 жасты көрсетіп, байқаудың ең жас қатысушылары атанды. Ең үлкен жас көрсеткіші Мұзбалақ тобының үлесіне тиді. Олар орташа есеппен 16,4 жасты құрайды. Тиісінше "Эрудит" командасы - 15,4, "Парасат" тобы - 15,5, "Хан Тенгри"  - 15,6 жасты көрсетті.

Жекелей көрсеткіш бойынша, "Парасат" тобының мүшесі, 8 жасар Кәусар Тортай байқаудың ең жас қатысушы атанса, ең үлкен қатысушы атағы 18 жастағы "Мұзбалақ" тобының өкілі Жұлдызай Мусаеваға тиесілі болды.

Алда әлі де талай қызықты мәліметтер ұсынатын боламыз. Бізбен бірге болыңыздар!

О. Сансызбай