Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Алтын ұя / Мектеп өмірі / Мақсатыңа Массагетпен бірге жет! (байқау)

Мақсатыңа Массагетпен бірге жет! (байқау)

Мақсатыңа Массагетпен бірге жет! (байқау)

Уақытымызды үнемдеп, әр сәтімізді қызықты етіп өткізу үшін Массагет порталы оқушыларға арналған «Мақсатыңа Массагетпен бірге жет!» атты байқау ұйымдастырады. Байқаудың басты мақсаты - оқушылардың жазғы демалысын пайдалы өткізуіне, тұлға болып қалыптасуына әсер ету, алдына айқын мақсаттар қойып, сол мақсатқа жетпейінше тынбай еңбектенуге баулу. Бүгінгі жас - еліміздің ертеңі. Ал еліміздің болашағы жарқын болуы үшін зерделі, алдына қойған мақсатына міндетті түрде жететін азаматтар қажет. Ол азаматтар - сіз бен біз. 

Көптен бері сағындырған жаз да келіп жетті. Оның асыр салып ойнауға мүмкіндік беретін шуақты күндерін қатты аңсаған едік. Енді сөмкемізге керек-жарағымызды салып алып, ауылға тікесінен жол тартуымызға болады. Бар қызық сол ауылда секілді. Құнарлы қара топырағына аунап, атаңа мал бағуға көмектесіп, әжеңе құрт жасасып қолғабыс еткенге не жетсін?! Ауыл балаларымен ойнайтын ақсүйек, ақсерек-көксерек, аударыспақ сынды ойындар ше? От жаққанда шығатын қидың иісі, шөліңді қандыратын биенің сүті ерекше тамсандырады. "Біз қазақ деген мал баққан елміз" демекші, төрт түлік малдың соңында жүріп, ешбір жасандылығы жоқ табиғатты көрудің өзі бақыт. Мұндай бақыт екінің біріне бұйыра бермейді. Заман талабына сай ауылдағы туысқандарымызды қалаға көшіруге асығамыз. Алайда жазғы демалысты қалада да қызықты етіп өткізуге болады.

Байқаудың аты айтып тұрғандай қатысушы өз алдына осы жазда орындалатын бір немесе бірнеше айқын мақсат қояды. Артынша сол мақсатына Массагет оқырмандарымен бірге жетіп отырады. Олай болса, байқау шартымен таныстырайық:

1. Жазғы уақытын пайдалы істерге жұмсауды мақсат тұтқан, байқауға қатысуға тілек білдірген оқушы өз аты-жөнін төменде пікір ретінде жазады. Тіркеу шілде айының 5-іне дейін жалғасады.  

2. Байқау оқушылардың өз уақытын тиімді пайдалануына бағытталғандықтан, тек мектеп жасындағы балалар қатыса алады.  

3. Әр қатысушы тіркелу барысында өзіне жетекші таңдайды. Жетекшілер өз кезегінде қолдау көрсетіп, бағыттап отырады. Ескере кететін жайт, жетекшінің қай саланың тілшісі екені маңызды емес. Төмендегі бестіктің ішінен өзіңіз қалаған тілшіні таңдай аласыз. Жетекшілерге тоқтала кетсек:

1) Ербол Молдажанов

2) Нұрбол Нұрмаханұлы

3) Қарлыға Бүйенбай

4) Жолдас Өрісбаев

5) Шерхан Талап

4. Қатысушылар белгілі болып, жетекшілер таңдалған соң команда жасақталады. Әр команда өзіне ат қойып, ұран шығаруына болады. 

5. Қатысушы апта сайын өз мақсатына қалай жетіп жатқандығын көрсететін блог жариялайды. 

5. Аптаның ең үздік ойыншысы анықталып, қорытындысы дүйсенбі сайын шығып отырады. (Командалық есеп, жеке есеп).

6. Қатысушылар өз мақсатына жету үшін әрекет жасап жатқандығын сурет, видео, рецензия және т.б.-мен дәлелдейді. (Бұл мақсатының қандай екендігімен байланысты).

7. Бағалау жүйесі:

100 көрілім = 1 ұпай

қолданушының 1 пікірі = 5 ұпай (қолданушының 1 пікірі ғана есепке алынады) 

1 лайк = 2 ұпай

редакция тарапынан = 10 ұпай (10 блогқа)

жанкүйерлер блогы = 3 ұпай

Блогтардың ұпай есептелу нәтижесі жұма күні түнгі сағат 00:00-де тоқтайды.

8. Бағалау барысында әділетті болуы үшін жанкүйерлердің де, қолданушылардың да, редакцияның да бағасы ескеріледі. Байқау нәтижесі 01.09.2015 белгілі болады.

Апта жеңімпаздарына Массагет сайтының естелік сыйлықтары, ал байқау қорытындысының жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табысталады.

Құрметті оқырман, өзіңіз мектеп жасындағы оқушы болсаңыз немесе бауыр-қарындастарыңыз болса, байқауыға қатысуға шақырамыз! Мақсатыңа Массагетпен бірге жет!

188
Рейтинг: +19

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Фото: Massaget.kz
Қосылған күні: 01 шілде 2015, 00:08

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.