Елбасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрін қабылдады

Елбасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрін қабылдады
Фото: akorda.kz

Бүгін елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қабылдауында болған Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов осыған дейін ұйымдастырылған шаралардың нәтижелерін баяндады. Сонымен қатар 23-26 мамыр аралағында Астана қаласында 48 елдің ресми делегациясының қатысуымен өтетін V халықаралық "KADEX-2018" қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесіне дайындық барысымен таныстырды.

Атаулы көрмеде 28 мемлекеттің шашбауын көтеріп келген 318 компания өз экспозицияларын таныстыратын болады.

Бұдан бөлек, министр Елбасыға мемлекеттік қорғанысқа қатысты тапсырыс пен қорғаныс өнеркәсібіндегі стратегиялық және нормативтік құқықтық құжаттардың дайындалу барысы жайлы мәлімдеді. Кездесудің аяғында Нұрсұлтан Назарбаев министрлік басшысына бірқатар нақты тапсырма берді.

А. Қажиев