Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Жаңалықтар / Бейжіңде Абайдың туғанына 170 жыл толуы аталып өтті

Бейжіңде Абайдың туғанына 170 жыл толуы аталып өтті

Бейжіңде Абайдың туғанына 170 жыл толуы аталып өтті

Қытайдағы қазақстандық студенттер белсенділері Абай Құнанбайұлының туғанына 170 жыл толуына мерекелік кеш ұйымдастырды.

Қытайдың ұлттар мұражайы сарайында Абайдың өлеңдері мен қара сөздері оқылып, әндері шырқалды, жиынға қатысқандар ұлы ақын және ойшыл Абай өмірі туралы сұрақ-жауап ойынына қатысты.

«Абай мұрасы  қазақ халқының рухани қазынасы, ол ақын, музыкант, философ, әдебиетші. Біздің жастарымыз білімге ұмтылуы, Абай тағылымын зерделеуі тиіс», — деді кеш қонағы, белгілі жазушы Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңестің мүшесі Акбар Мәжит.

Дүниежүзілік күрес федерациясының мүшесі, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі құрамасының жаттықтырушысы Айдархан Қабылдоллаұлы өзінің 1995 жылы Қазақстанда өткен Абайдың 150 жылдығын мерекелеуге қатысқанын еске алды. «Сол кезде Қазақстанның экономикалық жағдайы күрделі болса да, ел әлемнің түпкір-түпкірінен қонақтар шақырып, Абайдың 150 жылдығын жоғары дәрежеде өткізді»,  деді ол.

Қытай Орталық радиосының дикторы Балапан Рабат қазақстандық журналистерге берген өзінің сұхбатында Абай еңбектері мен идеяларын тарату және оны жүзеге асыру қазақ халқын және оны мәдениетін ойдағыдай сақтап қалудың міндетті шарты деген пікірін жеткізді. «Бізге темір жолдар, сауда және экономиканың басқа да аспектілері қажет шығар, бірақ та біз рухымызды жоғалтсақ, халық болып қала алмаймыз»,  деп атап көрсетті ол.

«Біз студент болсақ та, Абай өсиеттерін ұстанамыз, Абай бүкіл қазақ халқының ұлы ақыны»,  деді ҚазАқпарат тілшісіне сұхбатында Қытайдағы қазақстандық студенттер бірлестігінің төрағасы Қайшаннұр Қызыр.

ҚХР телеграф және почта университетінің даярлық курсының студенті Айбын Ерболұлы салтанатты кешке ақынның данышпан ойлары жазылған картиналар мен плакаттарды әзірледі. «Абай қазақ халқының ғана емес, бүкіл әлемнің көрнекті ойшылдарының бірі, оның өмірі мен шығармашылығы  бүкіләлемдік мұра. Бұл шара менің біздің халқымыз үшін мақтанышымды арттырды»,  деді ол ҚазАқпарат тілшісіне сұхбатында.

Еске сала кетейік, Қытайдағы қазақ студенттерінің бірлестігіне қазақ диаспорасы өкілдерінен 15 мыңнан астам ҚХР азаматтары кіреді.

2

3

4

5

7

8

Дереккөз:inform

Дайындаған: Серікбол Ерсін
Фото: inform
Қосылған күні: 08 қараша 2015, 22:49

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.