«Халықаралық терминдер» деген термин жоқ

«Халықаралық терминдер» деген термин жоқ
Фото: trajal.jp

Қазірге кезде терминдерді аудару мәселесі сөз болып жатыр. «Рухани жаңғыру» мақаласында кездесетін бұл мәселені көтеріп, комиссия құрылғаны да белгілі. Олар қазір қазақ тілінің мамандарымен жұмыс жасау үстінде. «Жас Алаш» республикалық газетіне шыққан филология ғылымдарының докторы, профессор Байынқол Қалиұлының мақаласы туралы аз-кем айтуды жөн көрдік. 

Қазір кезде қазақ тіліне жат шеттен енген сөзге балама іздей бастасақ, «жоқ, бұл халықаралық термин» деп жылы жаба саламыз. Ал шынымен де бұл қандай термин? Халықаралық деңгейдегі құқы қандай? Қай тілді қорғайды? 

Байынқол Қалиұлы былай дейді: «Сіз сауаты бар кез келген қазақтан «Халықаралық термин дегеніміз қандай сөздер?» деп, сұрап көріңізші. Ол: «Халықаралық термин дегеніміз – орыстар қалай айтып, қалай жазса, бізде де солай айтып, солай жазуға тиісті еуропа тілдерінің сөздері. Оларды қазақшаға аударға болмайды. Неге екенін білмеймін, бірақ заң солай» деп жауап береді». Ал бұл сұрақты маманнан не терминологиядан кандидаттық, докторлық диссертация қорғаған адамнан сұрасаңыз: ««Халықаралық термин сөздер дегеніміз» арғы тегі латын, грек сөздері негізінде пайда болған еуропа тілдерінің сөздері. Ол сөздер орыс тіліне еніп, орыс тілінің тілдік заңдары бойынша аздаған өзгерістерге түсіп, қалыптасып кеткен. Бұл сөздер қазақ тіліне (түркі тілдеріне) енген жағдайда, олар ешқандай өзгерістерге түспей, орыс тілінде қалай айтылса, солай айтылуы, қалай жазылса солай жазылуы керек. Өйткені бұл сөздер дүниежүзі халықтарына ортақ сөздер. Сондықтан ол сөздерді ұлттық тілдерге аударуға болмайды» дейді. 

«Халықаралық терминдер» деген термин жоқ. Болса, оладың ішінде ең құрығанда қытай, жапон, араб, парсы тәрізді шығыс халықтарының немесе түркі халықтарының бір-екі сөзі жүретін еді ғой. 

Автордың айтуынша, арнайы бектіліген мұндай термин жоқ. Олар ешқандай шешім жасап, заңды талап етпейді. 

«Термин дегеніміз – бар болғаны кез келген тілдегі ғылыми ұғымдардың атаулары ғана. Әр халық ғылыми терминдерді өздерінің ұлттық тілдері негізінде өздері жасап алулары керек» деп түйіндейді. 

М. Ақан