Рухани жаңғыру: бәсекелік қабілетке бастайтын үш бағдарлама

Рухани жаңғыру: бәсекелік қабілетке бастайтын үш бағдарлама
Фото: BNews.kz

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жолдауының негізінде айтылған келесі бір бағыт – бәсекелік қабілет.

Елбасы өз сөзінде: «Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсы­на алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, соны­мен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін.» дейді.

Елдің бәсекеге қабілетті болуы, әрбір азаматтың дарында әрі білімді болуы деген сөз. Сауаттылық сананы игеру ғана емес, сонымен қатар өз болмысың мен күшіңді көрсете білу.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың нақты бәсекелікке бастайтын үш бағдарламасын қолдау және игеру арқылы, біз жетістіктерге жете аламыз.

«Цифрлы Қазақстан».

«Үш тілде білім беру».

«Мәдени және конфессияаралық келісім».

Аталған үш бағдарламаның ішінде «Үш тілде білім беру» жүйесі іске асу үстінде. Мектеп, жоғары оқу орындарында үш тілде білім беру, көп тілді меңгеру жан-жақты талқылануда. «Қанша тіл білсең, сонша адамсың» деп айтқандай, тілмен қатар сандық қазақстанды қалыптастыру, дамыға технологияны меңгеру, мәдени қарым-қатынас орнату еліміздің қазір және болашақта тұғырлы болуының кепілі.    

М. Ақан