"Салқын жүрек" мультфильмінің ханшайымын қамауға алуға ордер жарияланды

"Салқын жүрек" мультфильмінің ханшайымын қамауға алуға ордер жарияланды

Кентукки штатындағы Харлан қаласының полиция қызметі қатты аяз бен жиі қар жауынына кінәліні анықтады.

Полиция басқармасының фэйсбук желісіндегі ресми парақшасында "Салқын жүрек" мультфильмінің ханшайымы – Эльзаны қамауға алуға ордер жарияланды.

Жаңалық "Күдіктінің шашы сарғыш. Соңғы рет оны ұзын, көгілдір түсті көйлекте көрген. Мүмкіндік туған бойда "Let it Go!" әуенін шырқай жөнеледі. Ауа райы өзгерісі оның қаншалықты қауіпті екенінен хабардар етеді. Оны жалғыз ұстауға тырыспаңыз" деген анонспен шыққан.

Бұл жаңалықтан кейін полиция қызметкерлеріне халыққа ойын екенін айтып, тыныштандыруға тура келді.

"Салқын жүрек" мультфильмі Walt Disney студиясының ең табысты анимациялық фильмі атанғанын естеріңізге сала кетейік. Тіпті бүкіл әлемдегі ең табысты мультфильм рекордына ие болған. 150 миллион АҚШ доллары бюджетімен 1,279 миллиард АҚШ долларын жинаған еді.

Бұл фильм жайылы фэйсбук желісінде көп әңгіме болған еді. Оның саундтрегі хит-парадтың белесінде бірнеше апта болған еді.

Ал сіз бұл мультфильмді көрдіңіз бе?

Сурет: tumblr.com

Оқи отырыңыз:

2015 жылғы Оскар сыйлығынан кімдер үмітті?

Marvel компаниясы "Өрмекші адамды" тегін иеленді

"Жұлдыздар шайқасы: күштің серпілісі" фильмінің премьерасы кейінге қалдырылады

"Саған өмірлік қиындықтарды жеңудің сырын ашып берейін бе?"

Ф. Абилова