2015 жылғы Оскар сыйлығынан кімдер үмітті?

2015 жылғы Оскар сыйлығынан кімдер үмітті?

Америка Құрама Штаты кино саласында тағайындалатын ең жоғарғы сыйлыққа үміткер өнерпаздарды жариялады. Оскар сыйлығының жеңімпаздарын марапатау кеші ағымдағы айдың 22 жұлдызында өтеді. Сонымен олар кімдер?

1. Биыл «Оскар» сыйлығына үміткерлер арасында қара нәсілді және азиялық азаматтар жоқ.

2015 жылы «Ең үздік актер», «Ең үздік актриса» секілді аталымдарға ақ нәсілді адамдар ғана үміткер атанған. Дәл осындай жағдай 1998 жылы орын алған екен.

2. «Ең үздік режиссёр» мен «Ең үздік сценарист» аталымына тек еркек кіндіктілер ғана үміткер атанды.

Бұл аталымдарға нәзік жандылардың ешбірі үміткер бола алмаған. Дәл мұндай жағдай 1999 жылдан бастап, 2009 жылға дейін жалғасып келген екен.

3. Мерил Стрип он тоғызыншы мәрте «Оскар» сыйлығына үміткер атанды.

Бұл ретте актриса «Орманға тереңдей бергенде» диснейлік мюзиклінде жалмауыз кемпірдің рөлін сомдағаны үшін үміткерлер тізіміне еніп отыр.

5. Брэдли Купер үшінші рет «Оскар» сыйлығынан үмітті.

Ағымдағы жылы Брэдли Куперге «Оскар» сыйлығына үміткер ретінде «Америкалық мерген» фильміндегі Крис Кайлдың рөлі ықпал еткен. Оған дейін актер 2014 жылы «Екінші санаттағы ең үздік актер» аталымы бойынша үміткерлер қатарынан көрінген болатын.

6. Александр Деспланың екі бірдей әні үміткерлер тізіміне енді.

2015 жылы композитор Александр Деспланың үйіне олжалы қайтуына мүмкіндігі жоғары. Оның «Гранд Будапешт қонақ үйі» және «Имитациямен ойнау» киноларына жазған әндері «Ең жанды саунтрек» аталымы бойынша үміткерлер қатарына ілігіп отыр.

Оқи отырыңыз: 

Әлемдегі ең ерекше кинотеатрлар

Кинодағы айдаһар бейнесі қалай жасалады? (Видео)

Қазақстанда "Тақиялы періште" фильмінің жалғасы түсіріледі

2014 жылғы "Оскар" сыйлығын жеңіп алған анимациялық қысқаметражды фильм

Сурет: vimeo.com

Н. Нұрмаханұлы