"Жұлдыздар шайқасы: күштің серпілісі" фильмінің премьерасы кейінге қалдырылады

"Жұлдыздар шайқасы: күштің серпілісі" фильмінің премьерасы кейінге қалдырылады

"Жұлдыздар шайқасы: 7-эпизод – күштің оянуы" фильмінің негіздеушісі Джей Джей Абрамс Walt Disney компаниясының басшылығынан фильмнің премьерасын кейінге қалдыруды сұрады, - деп хабарлайды The Force ресурсы.

Абрамс материалдарының ғаламтор арқылы әйгілі болғанына қапаланған көрінеді. Тіпті, кейбір үзінділерді өзгертетін де ойы бар секілді. Алайда, ресми өкілдер, сондай-ақ режиссер пікір білдірмегендіктен, бұл ақпарат нақты емес.

Сонымен қатар, Walt Disney компаниясы сотқа "Фильмнің 7-эпизодының материалдары заңсыз жарияланды" деп шағымданды.

Фильмнің премьерасы 2015 жылдың 18 желтоқсанына бекітілгенін естеріңізге сала кетейік. Алғашқы трейлер мамыр айында шығуы мүмкін деген ақпарат бар.

"Жұлдыздар шайқасы" фильмінің бұл эпизоды "Болашақ" ассоциациясы мен "Меломан" компаниясының бірігуімен қазақ тілінде дыбысталатыны туралы жазған болатынбыз.

Фильмде Домналл Глисон, Оскар Айзек, Харрисон Форд, Кэрри Фишер, Марк Хэмилл, Адам Драйвер, Гвендолин Кристи, Энди Серкис, Люпита Нионго, Питер Мейхью сынды актерлер ойнайды. Фильмнің бұл эпизоды жаңа трилогияның бастамасы болмақ.

Сурет:galleryhip.com

Оқи отырыңыз:

"Жұлдыздар шайқасы" фильмі қазақ тілінде дыбысталады

"Саған өмірлік қиындықтарды жеңудің сырын ашып берейін бе?"

"Галактика сақшылары" қазақ тілінде 

"Қара киімділер 3" қазақ тілінде

Ф. Абилова