Маркетингте қандай әдістер қолданылады?

Маркетингте қандай әдістер қолданылады?
Фото: pixabay.com

Жарнама психологиясы өзінің бар күші мен тапқырлығын біз бес минут бұрын алғымыз келмеген затты сатып алғызуға жұмсайды. Кейде басқасынан онша айырмашылығы жоқ нақты бір өндірушінің өнімін алуға көндіреді. Қақпанды айналып өту үшін маркетингте қолданылатын кей әдістерді біліп алған жөн. Ал оларды біле отырып, өз бетіңізше жарнамадағы сендіру әдістерін және таңдауыңызға әсерін анықтап, сезіммен емес, саналы түрде ойлайтын боласыз.

Кез келген өнім, тауар немесе қызмет қажеттілікті қанағаттандыруға шақырылған. Америкалық психолог Абрахам Маслоу 5 қажеттілік деңгейін атап көрсетеді:  85% – физиологиялық, 70% – қауіпсіздік, 51% – махаббат пен тәндік, 40% – өзін-өзі қадірлеу, 12% – маңыздану.

Физиологиялық қажеттілік – тамақ, сусын, ұйқы, тұрғын үй, жақындық және т.б. Бұл қажеттіліктерді қанағаттандыратын қай азық-түліктер мен тауарлар екені анық.  

Қауіпсіздік қажеттілігі құрышталған есіктер, сигнал беру, үйге арналған қауіпсіздік жүйесі, өзін-өзі қорғайтын құралдар жарнамасының негізінде жатыр.

Махаббат пен тәндік қажеттілігіне әлеуметтік желілер, танысу қызметтері, отбасылық әуесқойлық орталықтары және басқаларының жарнамалары сүйенеді.

Құрмет қажеттілігіне стильді ұстаумен қатысты сәнді киім және тауар, косметика, спорттық автомобиль, гаджеттер жатады.

Маңыздану қажеттілігіне өнермен байланысты заттар, білім беру қызметтері, саяхаттау, өзін-өзі дамытумен қатысты нәрселердің жарнамасы жатады.

Маркетингте әсер етудің қандай әдістері қолданылады?

1. Алғыс әсері. Ешкім өзін қарыздар ретінде сезінгісі келмейді. Біз қандай да бір сыйлық алсақ, ол кішкентай немесе қажет емес болса да, біз оған да бірдеңе бергіміз келіп тұрады. Америкалық қайырымдылық қоғамның бірі телефон анықтамалығынан мекенжайларды алып, ақшалай жәрдем жасауларын сұрап, адамдарға хат жазған. Хат алушылардың 18%-ы ғана жауап қайтарған. Дәл сондай хаттарға кішкентай сыйлық – қалта күнтізбесі салынған кезде қайырымдылыққа 35% хат алушылар жәрдемдескен. Бұл әдісті тек қайырымдылықпен айналысушылар ғана қолданбайды. Косметика, темекі, кеңсе тауарлары, түрлі аспаздық өнімдер шығаратын фирмалар дүкендерде немесе көшеде өз өнімдерінің үлгісін тегін таратады. Содан соң тұтынушылардың көпшілігі тегін алғаннан кейін сол өнімді сатып алуым керек деп ойлайды. Сол секілді қазір тауарды интернет-дүкеннен таңдап, үйге жеткізумен алатын адамдар көп. Сол кезде қораптың ішінде тауармен қоса, көп жағдайда кішкене болса да сыйлық салып жібереді. Ол шашқа тағатын резеңке, қарындаш және т.б болуы мүмкін. Күтпеген жерден сыйлық алған тұтынушы дүкеннің қызметіне қуанып, тағы да бірдеңе алғысы келіп тұрады. 

2. Айтылған сөз әсері. Израиль  қайырымдылыққа қайыр жинау компаниясы бір қызықты заңдылық тапқан. Жәрдем жинау алдында екі апта бұрын жергілікті тұрғындардың үйіне адамдар барып, мүмкіндігі шектеулі адамдарды қорғау үшін петицияға қол қоюларын сұраған. Екі апта өткен соң, осы үйлерге жәрдем жинаушылар келгенде, олардан жиналған қаражат алдын-ала дайындық болмаған аудандарға қарағанда екі есе көп болған. Петицияға қол қойғандар мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмектеспеуге ыңғайсызданған.

3. Еліктеу әсері. Зерттеулердің бірінде, егер жәрдем жинаушылар әр үйге барғанда қаражат берген тізімдемедегі көршісінің қойған қолын көрсетсе, ол да бірден жәрдемдесуге келісетіндігін анықтаған. Жарнамада еліктеу әсері кеңінен қолданылады: дүкенде жарнамаланған өнімді алуға көп адамның келгенін немесе бір тағамға достардың таласуын жиі көрсетеді.

4. Тартымдылық әсері. 30 жыл бұрын Канадада өткен зерттеу бойынша, жергілікті басқаруды таңдау кезінде әдемі және суретке жақсы шығатын келбетті адам жиі жеңетінін байқаған. Сол секілді жарнамаға көпшілікке ұнайтын фотомодельдер мен атақты актерлерді шақырады.

5. Бедел әсері. Жарнамада беделді адамдарды да жиі қолданады. Мысалы: тіс пастасының жарнамасында ақ халатты актер шығып, тіс пастасын барлық стомотологтар ұсынатынын айтады.

6. Тапшылық әсері. Психолог Стефен Вест Флорида университетінде жұмыс істеп жүріп, бір күні барлығы студенттер қалашығындағы асханалардың біріндегі тамақтың сапасы жақсы екенідігін айта бастаған. Оған дейін олар басқа тамақтанатын жерге баратын болған. Ол асханада жақында өрт болып, оны екі аптаға жөндеу жүргізуге жауып тастаған болып шығады. Жөндеуден соң тамақ «дәмді» бола түскендей көрінген. Бұл жағдай бізге қолжетімсіз затты ұнататындығымызды тағы бір рет дәлелдейді. Сондықтан жаранамалаушылар «ұсыныс тек бір аптаға созылады» немесе «тауар қоры шектеулі» деген жазу қояды. Егер өнімнің құрамында қолжетімсіз қандай да бір нәрсе болса, ол рас болса да, өтірік болса да, оны міндетті түрде жарнамада атап өтеді.

7. Түстер әсері немесе қосарласқан сезім (синестезия).  Синестезия – сөз бен сенсорлық сезімнің психологиялық арақатынасы. Алғаш рет бұл құбылысқа шығармашылық адамдар, яғни суретшілер мен жазушылар мән бере бастаған. ХХ ғасырда синестезияны психологтар да зерттеді. Олар синестезия барлық адамға сай, бірақ көп жағдайда ол санасыз деңгейде көрінетінін дәлелдеген. Түстің дыбыстық немесе дәмдік сезімі кенеттен пайда болады, алайда ол барлық адамда орнықтылықпен және ұқсастықпен сипатталады. Мысалы, жасыл түс – суық, қышқыл, тұрақты. Ол «табиғи» түс ретінде қабылданады, оны жарнамада емдейтін құралдарға, пайдалы косметикаға пайдаланады. Келесі мысал, қоңыр түс – жер, табиғи, ыңғайлы. Бұл түс санасыз түрде тәжірибелікке және дәстүрлікке сүйенеді. Жарнамада басты артықшылығы дәстүрлік болған кезде, ол міндетті түрде қолданылады. Қоңыр түс уақытпен тексерілген, жеңіл дүние еместігіне зейін қояды.

Біздің мақалалар Telegram желісінде. Арнамызға қосылыңыз!

А. Жапатова