Интернет-дүкен арқылы сауда жасаудың пайдасы

Интернет-дүкен арқылы сауда жасаудың пайдасы
Фото: www.averysweetblog.com

Интернет-дүкен – ХХІ ғасырдың базары. Қазіргі кездің өзінде супермаркеттер, үлкен сауда орталықтары желідегі саудаға қызығушылық таныта бастады. Әлеуметтік желінің қай түрін алсаңыз да түрлі дүкеннің жарнамасы толып жүреді. Ал сол интернет-дүкеннің қандай пайдасы бар? 

Адамдар күні бой дүкен аралап іздегені тапқанша, компьютер алдында отырып жарты сағат ішінде жүздеген затына тапсырып беріп, үйінен алыстамай-ақ сауда жасай алады. Бұл интернет-дүкеннің ең бірінші мақсаты. 

Жалпы адамдар интернет-дүкеннен пайдалы қандай заттарды сатып алады? 

1 Тұрмыстық техникалар: тоңазытқыш, кіру жуатын машина, теледидар. Неге дәл осы интернет-дүкеннен сатып алады? Себебі алатын заттың барлық құрылымы мен заңдылықтары, жақсы және жаман жағы сол парақша бетінде арнайы жазылып тұрады. Ал ең маңыздысы сол затқа жазылған пікірлер. Сіз пікірлер арқылы ол заттың жақсы әлде жаман екенін біле аласыз. 

2. Кітаптар. Адамдар қазір кітап дүкеніне барып кезекке тұрмайды тіпті онда кірмейді. Себебі оларға интернет арқылы сауда жасаған ыңғайлы. 

3. Бірлік толтыру. Әрбір терминалға барып, одан түбіртек талап етіп, ұзақ уақыт күткенше, интернет-дүкен арқылы бірлігіңізді салып, 1-2 минут күтсеңіз жеткілікті. Интернет-дүкеннің екінші мақсаты – уақыт ұту. 

4. Киім-кешек. Ең көп сатылып алынатын заттардың бірі – киім-кешек. Ал оны интернет-дүкеннен сатып алуға болады. Көзбен көріп, қолмен ұстап көрмеген затты қалай сатып алуға болады дерсіз, бірақ аталған жүйенің үшінші мақсаты затты сапалы суретке түсіруімен ерекшеленеді. Яғни көзіңізді алдауы да мүмкін. Бірақ сіз интернет-дүкенде тұрған киімді көріп алуға талпынасыз. 

5. Компьютерлік ойындар мен бағдарламалар. Бұл ендігі ХХІ ғасырдың базарында қайнап тұрған, саудасы өтімді заттар. Себебі сандық жүйемен жұмыс жасайтын техникалар үшін әрдайым жаңарып тұру керек. Ал оны сіз тек интернет-дүкеннен сатып ала аласыз. 

6. Балаларға арналған киімдер. Ең көп өтетін сауданың бірі. Себебі ешбір ата-ана баласына жаман киім кигізгісі келмейді. Сондықтан көздің жауып алып тұрған, сапалы әрі әдемі заттарды қолдан гөрі интернет-дүкеннен сатып алады. 

7. Сұлулық пен денсаулық. Таңғалатын ештеңесі жоқ. Сұлулық үшін жан беретін қыздар үшін бұл – таптырмас дүкен. Одан бөлек қазіргі медицина интернет-дүкеннің бір шетіне шықты. Керек дәрілеріңізді жылдам әрі арзан бағада сатып ала аласыз. 

8. Ұялы телефондар. Ең өтімді тауарлардың бірі де осылар. 

М. Ақан