Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Жаднама / Алдағы жетіде жасалуы тиіс 7 іс

Алдағы жетіде жасалуы тиіс 7 іс

Алдағы жетіде жасалуы тиіс 7 іс

1. Келер аптада еліміздің жоғары оқу орындарында жаңа оқу семестрі басталмақ. Студенттер үйлерінен алып шаһарларға оралып, өзімен бірге көптеген табиғи азық-түлік түрлерін әкеледі. Солардың қатарында сіз де болсаңыз, дәмді тамақ дайындап, өзіңіз бен жақындарыңызға кішкентай мерекелік дастархан жайыңыз! Қалада тұрып, ауылдың табиғи тағамдарын татпаған достарыңызды шақыруды ұмытпаңыз! Ал мына жерден дайындауға тұрарлық талай тамақтың мәзірін табасыз.


2. Кітап дүкеніне кірмегелі көп болды ма? Осы аптада кітап дүкеніне соғып, өзіңе сыйлық жаса! Оны оқып, бізге рецензияңды жіберсең, оны жариялайтын боламыз! Бұл аптаның таңдауы мынау.

3. Қыстың соңғы айы басталғалы тұр. Ақпанның 14 және 23 жұлдыздарындағы мерекелерді Қазақстанда атайтындар да, атамайтындар да бар. Сонда да, бұл екі мейрам сүйіктіңізге ерекше көңіл білдіруге мүмкіндік береді. Бұл күндерді қалай өткізіп, сыйлықтар жайлы да ойлана бастағаныңыз жөн болар.


4. Дәрігерлердің айтуынша, қыстың соңғы айында адамдардың көбі депрессияға шалдықса, басқаларына суық тиіп ауырады. Бұл - иммунитеттің төмендеуінің белгісі. Ал ол, өз кезегінде, адам ағзасындағы дәрумендер тапшылығына байланысты. Ақпанда мультидәруменді кешен ішкеніңіз жөн болар. Дәрумендер жайлы толығырақ мына жерден оқыңыз.


5. Ақпанда барлық киім дүкендеріне жаңа көктем-жаз - 2012 топтамасы келеді. Бұл маусымда сәнді болатын киім трендтерімен танысыңыз!

6. Шет елге оқуға түскіңіз келеді ме? Немесе оқуыңызды шет елде жалғастырып, шыңдамақ ойыңыз бар ма? TOEFL және IELTS халықаралық емтихандарынан өту туралы ойланыңыз.  


7. Осы аптадан бастап сүйіктіңізге ғана емес, сондай-ақ әріптестеріңізге, достарыңызға комплимент айта бастаңыз. Қасыңызда жүрген әр жан сізден жақсы көңіл үлесін алсын!

Суреттер povarenok.ru muskul.ru crasota.org сайттарынан алынды. 

5220 4
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 27 қаңтар 2012, 15:00
Тегтер: жаднама, 7 іс,
Пікірлер
+0
27 қаңтар 2012, 15:10

Бірінші кеңестің маған да қатысы бар.) Сіңлім бүгін Оралдан пойызға мініп, келе жатыр. Анам студент кезімдегідей маған ет беріп жіберіпті.)))

+0
27 қаңтар 2012, 15:14

күшті пост!

+0
27 қаңтар 2012, 17:02

Нұргөлектің сөздерін-ай! Істемеске болмайды! Дүйсенбіден бастап бізге де сабақ,практика! Ет жегім кеп жүр менің де... жасайтын уақыт пен ауылдың соғымы болса ғой, шіркін:))

+0
27 қаңтар 2012, 17:10

Менен бір кеңес. Мен эксперт емеспін бірақ сонда да бір кеңес! Пікірлер тізімі дегеннің арт жағындағы сұр түсті алып тастаңдаршы? Мен өзімді қараңғыда отырғандай сезініп тұрмын

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...