HP корпорациясы екіге бөлінді

HP корпорациясы екіге бөлінді
Фото: uktodaynews.com

Hewlett-Packard корпорациясы өткен жылы екі дербес компанияға бөлінуі туралы мәлімдеген болатын. Компанияның биылғы қаржы есебі нәтижесінен кейін бұл мәлімдеме жүзеге асты. Енді HP өз ішінде қайта құру жүйесін қарастырып, екі дербес компанияға бөлінді. Бүгіннен бастап HP жеке-жеке қызмет көрсету функцияларын бастайды.

АҚШ-тағы «Силиконды алқаптың бастаушы күші» ретінде танымал болған компания басшылары IT-нарықтағы 70 жылдық мерейтойына орай жаңа құрылымдық модулін таныстырды. Енді HP Inc. тек тұтынушыларға арналған өнімдер шығарумен айналысса, Hewlett-Packard Enterprise корпоративті қызмет көрсетуді өз қолына алады.

2000 жылдары HP компьютерлер нарығында көш бастап тұрған. Ал соңғы жылдары нарықтағы бәсекелестіктің ұлғаюына байланысты компания табысы  айтарлықтай қысқарып кетті. Сол үшін де HP басшылығы өнім шығару мен қызмет көрсету сапасын арттыру үшін осындай шешімге келіп отыр. Екі дербес бағыт бәсекелеске қабілетті бизнес модельді дамытуды көздейді. 

Ж. Өрісбай