HP қол қимылымен басқарылатын ноутбук жасады

HP қол қимылымен басқарылатын ноутбук жасады

Hewlett-Packard (HP) компаниясы Leap Motion біріктірілген контроллері бар тұңғыш ноутбукты таныстырды. Аталған инновациялық тетіктің арқасында ноутбукты қашықтықта, қол қимылымен басқаруға болады.

Бұған қоса, Envy 17 17,3 дюймдік сенсорлы экранмен, төртінші буынды Intel Core i5 процессорымен және NVIDIA графикасымен жабдықталған. Leap Motion фотосуреттерді ақтаруға, веб-парақшалар мен Google карталарының көлемін өзгертуге, сурет салуға, қосымшалардың иконкаларының орнын ауыстыруға және тағы басқа әрекеттерді дисплейге тиіспей-ақ жасауға мүмкіндік береді.

Журналистердің айтуынша, оны қолдану аса ыңғайлы емес: тетік ишаратты тануы үшін қолды мүмкіндігінше жоғары көтеру керек екен. Сонымен қатар, компания Leap Motion ноутбукты аккумулятор тоғынан тез айыратынын ескертеді, сондықтан оны тек қажет кезде ғана іске қосқан абзал. Ол үшін ноутбук пернетақтасында жылдам бұйрық берілетін пернелер қосындысы қарастырылған.

Envy 17-ге Leap Motionмен үйлесімді бірнеше бағдарлама орнатылған: Sugar Rush жарысы, музыкалық Dropchord жұмбағы және тағы басқалар. Жаңа қосымшаларды Airspace дүкені арқылы жүктеуге болады.

Айта кетсек, HP компаниясы Envy 17 Leap Motion Special Edition-ге алдын ала тапсырыстарды қазан айының 16 жұлдызынан бастап қабылдай бастайды. Жаңа ноутбуктің құны 1050 доллардан басталады. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: ferra.ru

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Instagram Reels – TikTok-тың жаңа аналогы
Instagram Reels – TikTok-тың жаңа аналогы
Бала бақшаны қалай дұрыс таңдау керек? i-balaqai жобасында − Лейла Күленова
Бала бақшаны қалай дұрыс таңдау керек? i-balaqai жобасында − Лейла Күленова
Жер бетінен аралар жойылып кетсе не болады?
Жер бетінен аралар жойылып кетсе не болады?
Ұлттық құрама капитаны кәсіпқой боксқа ауысты
Ұлттық құрама капитаны кәсіпқой боксқа ауысты
10 тамыз Абай күні болып бекітілді
10 тамыз Абай күні болып бекітілді
БҰҰ: 50 жылдан кейін жануар мен өсімдіктің 1 млн түрі жойылып кетуі мүмкін
БҰҰ: 50 жылдан кейін жануар мен өсімдіктің 1 млн түрі жойылып кетуі мүмкін