The Machine (HP) жобасы өз нәтижесін көрсетпек

The Machine (HP) жобасы өз нәтижесін көрсетпек

Хьюлет-Паккард компаниясы жаңа типтегі компьютерлер сериясын шығару анонсын жасады. Өнім шықпас бұрын, аты техникалық мінездемесіне қарай белгілі болғандықтан The Machine жобасы нарықта аналогы жоқ Linux++ жедел жүйесімен қамтылмақ.

Аталған жоба арқылы силикондық HP компаниясы компьютердің жедел жадысы мен SSD қатты жадысын біріктіруді ойластырған. The Machine төңкерісінің басты мақсаты бұл ғана емес. HP құрастырып жатқан «машина» қазірде қолданыста бар компьютерлерге қарағанда 10 есе кішкентай корпусқа ие болып, 80-90 есе аз энергия қуатын жұмсайтын болады.

Жаңа типті дегеніміз жоғарыда айтылған Linux++ платформасының құрылымына байланысты болып отыр. Айта кетсек, компьютер жадысына сақталатын ақпарат немесе құжат басқа типтегі жады ресурсына ауыстырылып, көлемі азая түсетін болады. Құрастырушылардың айтуынша, «машина» компьютер терабайт ақпаратты бірнеше милисекундта өңдеп, ауыстырып үлгере алады.

Бір жағынан «The Machine» жобасы туралы ашық айтыла бермегенінен, HP компаниясының бұл жобаға шындап кіріскенін білуге болады. Компьютердің алғашқы прототиптері 2016 жылдың басында шектелген ортада таныстырылмақ. Енді шығып келе жатқан HP компьютерлеріне мән берер болсаңыз, барлығына Linux+ платформасы қондырылған. Ендеше сол платформаның жаңа құрылымын The Machine-мен бірге көретін боламыз.

Классикалық компьютерлердің парадигмасын ауыстыру туралы сөз осыдан бес жыл бұрын қозғалған еді. Ендігі туындап жатқан жаңа идеялар нарықтың өресін қамтып, біріншілікке бақталастық тұдырады. Ал дербес компьютерлердің жаңа типін алғашқы болып таныстыратын HP ешкімге орайын танытпай, алға шығатыны анық. Қалғанын уақыт таразысына салайық.

Сурет: pulse2.com

Ж. Өрісбай