Boeing компаниясы қанаттары бүктелетін жолаушылар ұшағын таныстырды

Boeing компаниясы қанаттары бүктелетін жолаушылар ұшағын таныстырды
Фото: http://hi-news.ru/

Ұшақ құрастырушы компаниялар ұшу кезінде көп жолаушыны тасымалдау үшін әуелайнерлерінің көлемін үлкейтіп жатыр. Дегенмен әлемдегі көптеген әуежай алып ұшақтардың қонуына ыңғайлы салынбаған. Америкалық Boeing компаниясы осы мәселені шешуді мақсат етіп, қанаттары бүктелетін жолаушылар ұшағының жобасын таныстырды.  

Жаңа Boeing 777-9x ұшағының қанаттарының ұзындығы - 71,8 метр. Екі моторлы әуелайнерінің әрбір қанаты 3,65 метрге дейін бүктеледі. Нәтижесінде стандартты ұшақ жолағына қона алатын ұшақтың ұзындығын сақтайды. Ал дәл осындай ұзын қанаттары бар францияның Airbus A350-1000 ұшағы шектеулі әуежайларға ғана қона алады. Америкалық инженерлердің айтуынша, 777-9x ұшағы жанармайды өз бәсекелесіне қарағанда 12%-ға аз жұмсайды.

Жаңа ұшақтың қанаттары көмірқышқыл газының талшығынан дайындалған пластиктен жасалады. Әзірге әлемде аналогы жоқ әуелайнерін құрастыру жұмыстары АҚШ-тың Эверетт (Вашингтон штаты) қаласындағы Boeing зауытында жүргізілмек.

Ресми түрде берілген ақпаратқа орай, Boeing 777-9x ұшағы бір уақытта 400 жолаушыны тасымалдай алады. Ал оның салоны A350 ұшағына қарағанда ені 40 сантиметрге ұзын және иллюминаторлары да үлкейтілмек.

Boeing компаниясы жаңа ұшақ жобасы таныстырылғаннан кейін Emirates, Cathay Pacific және Luthansa сынды әлемнің беделді әуетасымалдаушы компанияларынан тапсырыс алғанын мәлімдеді. Жоспар бойынша, Boeing 777-9x ұшақтарының құрылысы 2017 жылы басталып, 2020 жылға қарай қолданысқа берілмек.

Қ. Бүйенбай