Apple ең жұқа смартфонын шығаратын болды

Apple ең жұқа смартфонын шығаратын болды
Фото: gazeta.ru

Танымал Apple компаниясы ең жұқа смартфон шығаратын болды. 2017 жылы шығатын iPhone 7 смартфонының қалыңдығы 6 миллиметрді құрамақ. Бұл туралы ubergizmo.com ақпарат басылымы хабарлап отыр.

KGI Securities сарапшысы, Apple компаниясының жаңа өнімдері жайлы нақты болжамдар жасап жүрген Минг-Чи Куоның айтуынша, жаңа iPhone 7 iPod Touch және iPad Air 2 гаджеттерінен қалың болмайды. Ал 9 қыркүйекте таныстырылатын iPhone 6s және iPhone 6s Plus смартфондарының қалыңдығы – 6,9 және 7,1 миллиметр. Apple компаниясының келер жылғы смартфоны 1 миллиметрге жұқарғалы отыр.

Айта кетейік, 9 қыркүйек күні Apple компаниясы iPhone 6 және iPhone 6 Plus смартфондарымен қатар, Apple TV ресиверінің жаңарған нұсқасын да таныстырады. Соңғы рет бұл ресивер 2012 жылы жаңарған болатын. 

Ө. Сансызбай