VAIO алғашқы смартфоны қандай ерекшеліктерге ие?

VAIO алғашқы смартфоны қандай ерекшеліктерге ие?

Жапондық Sony компаниясы компьютер нарығындағы VAIO брендін Japan Industrial Partners компаниясына сатып жібергені туралы жазған болатынбыз. Ал брендтің жаңа иесі компьютер шығарудан бөлек, смартфондар нарығында бақ сынауды ұйғарыпты. Нәтижеде VAIO өзінің жаңа смартфонын шығарды.

VA-10J атауына ие VAIO Phone орта деңгейлі смартфондар типіне жатады және оның айтарлықтай ерекшелігі жоқ. Ал брендтік атауының арқасында бұл Sony компаниясының өнімі деген бұрыс ақпарат та таралып жатыр.

Ендеше техникалық мінездемесіне келер болсақ, 7,95 миллиметрлі корпус смартфонға айрықша кейіп береді. Жаңа девайс 1,2 ГГц жиіліктегі 4-ядролы процессормен қамданған. Ал оперативті жадысы – 2 Гбайт.

VAIO Phone смартфоны Android 5.0 Lollipop оперативті жүйесінде жұмыс істейді. Одан бөлек, қуат жинақтағышының көлемі сағатына 2500 миллиАмперге тең. Сонымен қатар, жапондық смартфон 4G модулімен қамданған және 13 мегапиксельді сапаға ие негізгі камерасы бар. Blog of Mobile ресурсының жазуынша, жаңа өнім Panasonic Eluga U2 смартфонының құрылымымен бірдей екен.

VAIO Phone смартфоны Жапонияда 51 000 иен (шамамен 420 АҚШ доллары) бағасымен сатылмақ. Ал өнімнің әлемдік нарыққа шығуы туралы әзірге еш ақпарат жоқ. 

Сурет: telezkope.com

Оқи отырыңыз: 

CES 2015. G Flex 2 – LG ұсынған дөңес смартфон

Қытай қазақтары "Zerde" деп аталатын смартфон шығарды

Microsoft «Nokia» брендісіз смартфон шығарды

CES 2015. Kodak брендімен шыққан алғашқы смартфон

Ж. Өрісбай